Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Еліміздегі SANTO компаниясы Еуроодақ нарығына шығуды жоспарлап отыр

585 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

SANTO компаниясы – бұл Polpharma Халықаралық фармацевтикалық компаниясының инвестиция сомасы 100 млн АҚШ долларынан асатын, Қазақстандағы дәрілік заттардың ең ірі отандық фармацевтикалық өндірушісі. Компанияның өндірістік циклі GMP халықаралық стандарттарына сәйкес келеді, сондай-ақ GDP тиісті дистрибьютерлік практикасы енгізілген.

Еліміздегі SANTO компаниясы Еуроодақ нарығына шығуды жоспарлап отыр

«Химфарм» АҚ фармацевтикалық компаниясы (SANTO Member of Polpharma Group) соңғы 2 жылда экспорт көлемін 2,5 есеге арттырған. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік препараттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Өнім Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия мен Ресей сияқты елдерге экспортталады.

Пандемия адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Вирус бүкіл елге тарады, дәрі-дәрмектерге деген қажеттілік едәуір  артып, карантин шектеулеріне байланысты импорт болжамды түрде қысқарған кезде басты рөл отандық өндірушілерге беріледі.

Осыған байланысты «Химфарм» АҚ зауытында шикізатты жеткізу және дайын өнімді жөнелту логистикасының тәулік бойы жұмысын қамтамасыз ете отырып, өндірістік ауысымдардың жұмысы тоқтаусыз режимге аударды.

Компания барлық ықтимал өндірістік резервтер мен қуаттарды іздеуге және іске қосуға, өндірістік тәртіпке, санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылауға баса назар аударады. Пациенттердің денсаулығына жауапты бола отырып, барлық қажетті шаралар қабылданды, дәрі-дәрмек өндірісі жалғастырылды және өндіріс көлемін арттырды.

Соңғы 7 жылда мемлекеттік қолдаудың арқасында Santo компаниясының Қазақстандық фармацевтикалық нарықтағы үлесі 4,7%-дан 6,0%-ға дейін ұлғайды.

Келесі жылы Өзбекстан нарығына шығу арқылы экспортты екі есеге арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, Еуропалық Одақтың дәрілік нарығына шығу маңызды сын-тегеуріндердің бірі болып табылады. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 16 млрд.теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.

Бүгінгі күні кәсіпорын қоржынында 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі нысандағы 120-дан астам дәрілік заттардың атаулары бар, ал бұл отандық өндірушінің 10-нан астам терапиялық топтарда ұсынылғанының көрсеткіші болып табылады.

Сонымен қатар, компанияның R&D әлеуеті ағымдағы жылдың соңына қарай дәрілік заттардың 10 жаңа позициясын нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. 2023 жылға қарай компания пациенттерді емдеу үшін Қазақстанда өндірілген дәрілік заттардың 50-ге жуық жаңа номенклатуралық позицияларын іске қосады.

 

 

АЛМАТЫ