Аймақтар • 06 Қазан, 2020

Түркістанда "Бизнесті және инвестицияны қорғау" форумы өтті

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының прокуратурасы мен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің және кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен  «Бизнесті және инвестицияны қорғау» форумы өтті.

Түркістанда "Бизнесті және инвестицияны қорғау" форумы өтті

Кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз етуді мақсат еткен форумға Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нахипбеков,  облыс әкімінің орынбасары  Сәкен Қалқаманов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы  Хаким Көшқалиев,  облыс прокурорының орынбасары Артықбек Пашаев, жергілікті атқарушы және аумақтық органдар мен бизнес-қауымдастықтың өкілдері қатысты.  Алқалы жиында сөз алған Х.Көшқалиев  кәсіпкерлікті қолдау және қорғау  - ел дамуының басты кепілі екендігін атап өтіп,  бүгінде Агенттіктің бастамасымен ел аумағында бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге айрықша басымдық беріліп отырғанын жеткізді. Ал  Департамент басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай өңірде «Protecting Business and Invesments» жобасы аясында жалпы құны 466 млрд теңге болатын 37 жоба департаментпен сүйемелдеуге алынып, жыл басынан бері бизнесті қорғау шеңберінде 15 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қалпына келтірілгенін, соның нәтижесінде 20 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын мәлім етті.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және қандай да бір заңсыз қысым жасау деректерін болдырмау мақсатында,  «Рrotecting business and investments» жобасы  аясында, Департамент пен «Turkistan Invest» инвестиция  тарту және экспортты дамыту аймақтық агенттігі арасында меморандумға және 2 ірі бизнес қауымдастықпен  келісімге қол қойылды. Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті мәселелер ортаға салынып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. 

 

 

Түркістан облысы