Асхан Мархабайұлының мамандығы – дәрігер-уролог, медицина ғылымдарының кандидаты.
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын аталған университетте урология және жедел нефрология кафедрасының ассистенті ретінде бастады. Әр жылдары Алматы облысындағы Қарасай аудандық емханасының директоры, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті қосымша кәсіби білім орталығының басшысы болып жұмыс істеді.
Кейін С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде клиникалық жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болды.