Абай • 07 Қазан, 2020

Абай тұлғасы ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір - Елбасы

474 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін "Egemen Qazaqstan" газетінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Абай аманаты" атты мақаласы жарық көрді. Онда ол хакім Абай өмір сүрген тұста қазақ қоғамы бұрынғы хандық басқару жүйесінен біржолата қол үзгені жайында сөз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай тұлғасы ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір - Елбасы

"Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын сомдайды.  Абай Құнанбайұлы тұлғасы да сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір", делінген Елбасының мақаласында.

Бұдан соң, ол хакім өмір сүрген тұста қазақ қоғамы бұрынғы хандық басқару жүйесінен біржолата қол үзіп, "өз қолынан өз ырқы кеткен" алды бұлыңғыр уақытқа тап болып, көшпенділік салттары дағдарысқа ұшырап, отырықшылық өркениет белгілері ентелеп ене бастағанын және баһадүр аламандықтың беті қайтып, заманауи білімге бет бұратын кез туғанын айтады.