Абай • 07 Қазан, 2020

Елбасы: Абай - халықтың мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұңғыш Президенттің "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланған "Абай аманаты" атты мақаласында хакім Абай елдің болашақ бағдарын айқындап берген тұлға екені жазылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы: Абай - халықтың мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер

"Ұлы ақын, дана ойшыл Абай ХІХ және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ағартушылық немесе Ояну дәуірінің көшбасшысына, елдің болашақ бағдарын айқындап берген рухани темірқазығына айналды. Үлкен білімпаз Құдайберген Жұбанов Еуропа руханиятымен салыстыра айтқандай, Абай – "өз ортасының Данте сияқты адамы", яғни халықтың дәстүрлі сөз өнерін, таным жүйесін, мінез бітімін түбірімен жаңаша түлеткен санаткер. Орыстар үшін  Александр Пушкин, ағылшындар үшін  Уильям Шекспир, немістер үшін Иоганн Гете, америкалықтар үшін Уолт Уитмен қандай болса, қазақстандықтар үшін Абай да – сондай рухани ұлы тұлға", деп жазды Елбасы "Абай аманаты" атты мақаласында.