Қоғам • 07 Қазан, 2020

«Жас келсе – іске»: Әлеуметтік лифтінің әлеуеті жоғары

14 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін құру қажеттілігі туралы айтқан болатын. Бұл тапсырма ойдағыдай орындалып, ел басқару ісіне араласатын таңдаулы жастардың қатарына қосылуға ұмтылған 13 мың азаматтың арасынан бабы мен бағы келіскен 300 жас отандасымыз іріктелген еді. Ұлт болып үкілеген сол 300 азаматтың арасында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков те бар.

Бұл қызметке жас маман нақ осы Пре­зи­денттік жастар кадрлық резервінің мү­шелерін қолдау аясында келгенін айта кету қажет. Оған да өзіндік себеп бар. Мәселен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Президенттік жастар кадрлық резервіне өткен азаматтармен кездесуде осы жылы резервтегі 100 адамды жауапты қызметке тағайындау, алдағы жылдарда кадрлық резервтің әлеуетін толық пайдалану жоспарға қойылғанын алға тартқан болатын. «Бүгінгі жастар – мемлекеттік басқару жүйесінің болашағы. Әрқайсыңыздан елді дамытуға тың серпін беретін жаңа идея мен нәтижелі жұмыс күтеміз. Алдағы уақытта сіздерді мемлекеттік органдар мен ұлт­тық компанияларға жауапты қызметке жібе­реміз», деді Қ.Тоқаев.

Бұл ретте, Президент кадрлық резервке өту – жоғары лауазымды қызметке орналасу ғана емес, ұлт үшін, ел үшін, халық үшін аянбай тер төгу екенін де ескерткен еді. «Біздің мақсатымыз сіздерді лауазымды қызметке тағайындау ғана деп ойламаңыздар. Бұл – елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа бе­лестерге көтеруіне мүмкіндік беру. Ең бастысы – туған еліңді шексіз қадірлеу және оған адал қызмет ету», деп ескертті Мемлекет басшысы. Яғни бұл жоба резерв­тегі жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтке айналады деуге болады.

Еліне еңбегін сіңіруді мұрат еткен Нұрбек Нұржанұлы Е.Бөкетов атын­дағы Қарағанды мемлекеттік универ­си­теті, С.Сей­фуллин атындағы Қазақ агротехни­­ка­лық университеті, Солтүстік Орал (Ресей) мем­лекеттік аграрлық университеті, Пре­зидент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы сынды бірқатар жоғары оқу орындарында білім алды. Еңбек жолын Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй құрылысы депар­таментінің Тұрғын үй құрылысы бағ­дарламасын іске асыру басқармасының сарап­шысы қызметінде бастап, одан кейін Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының түрлі қызметтерінде жұмыс істеді. Өткен жылдың мамырынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Коммуналдық шаруашылық бас­қармасының басшысы болып қызмет етті.

Отызға толмай орда бұзған азаматтың қарым-қабілетін осыдан-ақ аңғара беріңіз. Алайда Нұрбек Нұржанұлы осы жеткен жетістіктерімен шектеліп қалған жоқ. Өткен жылы Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысып, бағын сынап көруге бел буды. «Мен де резервке іріктеуге қатысқан 13 мың үміткердің қатарында болдым. Бір-екі күнде қажетті құжат жинап, онлайн режімінде тапсырдым. Бұл ретте, мен ұйымдастырушылардың жұмысына алғысымды білдіргім келеді. Жобаға қатысушылар үшін іріктеу жұмысы барынша ыңғайлы ұйымдастырылды. Біріншіден, барлық тестілеу, презентациялық жобаны ұсынып, қорғау жұмыстары онлайн өтті. Техникалық қиыншылықтар болған кезде маған арнайы маман түсіндіріп, көмектесті. Екіншіден, «әлеуетті баға­лау» сатысы өздігімен өткен-өтпеген қаты­сушы­ларға әрі қызықты, әрі пайдалы болды деп ойлаймын. Бағалаудың нәтижесі өзіңді дамыту жоспарының негізі бола алады. Яғни, үміткер бағалары төмен пара­метр­лерді одан әрі жетілдіру бойынша жұ­мыс істейді. Барлық тестілер заңнаманы емес, біліктілікті әртүрлі аспекті бойын­ша бағалайды. Бірінші тест сан және мә­тінге деген талдамалық қабілеттілікті са­­ра­лайды. Одан әрі бағалау деңгейі те­рең­­дейді, тіпті жобаға қатысушының адам­гершілік қабілеті тәуелсіз сарапшылар­мен бағаланады», дейді Н.Серіков ағынан жарылып.

Жастар кадрлық резерві жас мамандарға мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық лауазымдар­ға орналасуға мүмкіндік береді. Басшы лауа­зымдарға бос орындар пайда болған жағ­дайда Президенттік жастар кадрлық резерві резервте тұрған адамдардың кандидатурасын қарайды. Бұл өз кезегінде ынталандырылған жастарға қызметте өсу сатыларын пайдалану мен олардың мүлдем басқа салаларға өз үлесін қосуға мүм­кіндік береді. «Іріктелген жастармен жеке танысқан соң, мен олардың өте талапты, ынталы және еңбекқор адамдар екеніне көз жеткіздім. Көбісі сол кездің өзінде айтар­лықтай жетістіктерге жеткен болатын. Резервте тұрған адамдардың құрамы әртүрлі, онда мемлекеттік қызметтен, орта­лық және жергілікті аппараттардан келгендер де бар. Квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес өкілдері де аз емес. Бір сөзбен айтқанда, алуан түрлі қызмет салалары қамтылған», дейді Н.Нұржанұлы.

Нұрбектің айтуынша, тағайындаулар кезінде резервте тұрған адамдармен Пре­зидент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында біліктілікті арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ резервте тұрған адамдарды са­лалық проблемаларды шешу бойынша өзіндік «ми орталықтарын» (Think tanks) құру үшін Үкімет жанындағы жобалау офистеріне және салалық жұмыс топтарына тартады.

«Президенттік жастар кадрлық резер­віне тұрып, соның арқасында бірнеше мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардан бос лауазымдарға бірқатар ұсыныстар алдым. Менің біліктілік талаптарыма сәйкес ұсыныстар көп түсті. Солардың ішінде, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орын­басары деген ұсыныс мен үшін ең қо­лайлы болды. Себебі мен тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы саласындағы жұмысты жалғастыра аламын деп ойла­дым. Сонымен қатар мен жетекшілік ететін бағыттар қызығушылығымды туғызды. Бұл саладағы маңызды жұмыстар менің білімім мен тәжірибемді айтарлықтай то­лықтырады. Тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық саласындағы кейінгі реформаларды ескере отырып, бұл тағайындау осындай ірі өзгерістер кезінде мен үшін бір мезгілде үлкен сын болғанын да жасырмаймын. Себебі, бұл реформаларды іске асырудың маңыздылығы туралы Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен болатын», дейді басқарма төрағасының орынбасары.

Нұрбектің айтуынша, тұрғын үйді бас­қару және күтіп-ұстау мәселелерінде әлі де ауқымды жұмыстар атқарылатын көрінеді. Ол үшін еселі еңбек пен қарымды қабілет қажет. Ал бұл қасиеттердің барлығын Нұрбек Нұржанұлының бойынан табуға болады. Сондықтан 13 мың адамның арасында үздіктер қатарынан көрініп, үлкен үміт арқалаған азамат бұл салада да табанды еңбек етуді көздеп отыр. «Осы саланы жетілдіру бойынша жұмысымды жалғастырамын деген жоспарым бар», дейді Нұрбек.

 

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар