Спорт • 07 Қазан, 2020

Жазғы трансфер: Кім қайда ауысты?

429 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Күні кеше Еуропада жазғы және күзгі трансфер маусымы аяқталды. Ішкі біріншілікте жоғары нәтиже көрсету үшін және еурокубок бәсекелерінде сәтті ойнау үшін бұл – кейбір командаларға жақсы мүмкіндік. Ал кейбіріне ұжымға аса қажетсіз болған футболшыларын жақсы қаржыға сатып жіберуге ұрымтал сәт. Әр маусым сайы­н жанкүйерлерді таңғалдырудан жалықпайтын биылғы трансфер базары әдеттегідей қызықты саудаға толы болды.

Жазғы трансфер: Кім қайда ауысты?

Қайбір жылдары Уругвайдың мақтанышына айналған 33 жастағы Эдинсон Кавани жеті жыл өнер көрсеткен ПСЖ клубынан кетіп, еркін агент ретінде ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасын толықтырды. 2013 жылы «На­полидан» ПСЖ-ға 64 миллионға ауысып келген Кавани бірден бірнеше рекордты жаңартқан еді. Атап айтар болсақ, ПСЖ-ның ең қымбатқа сатып алған, ал «На­по­лидің» қым­батқа сатқан ең бі­рін­ші футболшысы атанды. Со­­ны­мен қатар Кавани Франция фут­бо­лындағы ең қымбат ойыншысы деген атаққа ие болды.

Эдинсонды «Манчестер Юнай­тедтен» бөлек, «Атлетико», «Рома» және «Челси» секілді клубтар да өз қа­тарынан көргісі келетіндерін айт­қан болатын. Бірақ уругвайлық футболшы «МЮ-ді» таңдады.

2014 жылы футболдан Бра­зилияда өткен әлем чемпионатының ең үздік сұрмергені атанған колум­биялық Хамес Родригес Мад­ридтің «Ре­ал» клубынан кетті. Ке­зінде Хамес­тің Франциядан Ис­панияға ке­луі­не себепші бол­ған сол кездегі «Ре­ал­дың» бас бап­кері, қазіргі «Эвертонның» бас жат­тықтырушысы Карло Анче­лотти енді оны Англияға ша­қырды. «Реалда» қаңтарылып қалған 29 жастағы футболшы Ан­глияға келе салып, жақсы ойынымен мамандардың көзіне түсе бастады. Ағылшын Премьер-лигасында Род­ригес 4 ойында жасыл алаңға шы­ғып, үш рет мергендігімен көзге түсті.

Сондай-ақ «Реал» кейінгі жылдары бас бапкер Зинедин Зиданмен «әңгімесі» жараспай жүрген Уэльс құрамасының аңызына айналған Гарет Бэйлді өзінің бұрынғы клубы «Тоттенхэмге» жалға берді. Жан­күйерлердің есінде болса, 31 жас­тағы шабуылшы 2013 жылы «Реал» клубына келген болатын. Жеті жыл ішінде ол Мадрид клубында 251 матч өткізіп, 105 гол соққан екен.

«Барселона» Мессиді командадан жібермегенімен, басқа бір жұлдызы, яғни осыдан алты жыл бұрын 80 миллион еуроға сатып алған уругвайлық шабуылшы Луис Суаресті клубтың негізгі қарсыласы саналған «Атлетико Мадридке» тегін бере салды. Сондай-ақ «Бар­селона» Хавидің ізбасары деп ба­ғаланған 24 жастағы бразилиялық талантты жартылай қорғаушы Ар­­турды команда басшылығы «Ювен­тус» клубына 72 миллион еу­роға сатты. Есесіне, «Барселона» Ту­рин командасынан Мирал Пья­ничті 60 миллион еуроға сатып алды. Осылайша каталониялықтар трансферден 12 миллион еуро табыс тапты. Алайда жанкүйерлер 24 жас­тағы ойыншының орнына 30 жастағы егде футболшыны сатып алған басшылыққа наразы екенін білдіруде.

«Бавария» Германия құрама­сының ойыншыларын бір командаға топтастыру жоспарынан әлі де бас тартқан жоқ. Бундестим клубы осыдан бір жыл бұрын «Ман­чес­тер Сити» мен Германия құра­масының ойыншысы саналған Лерой Санені сатып ала алмаған-ды. Тұрақтылыққа және сөзге берік немістер биыл Санені өз командаларына қосып алды. Англиядан футболшы алдыртқан «Бавария» бір ойыншысын футболдың отанына жіберді. 29 жастағы Испания азаматы Тьяго Алькантараны былтырғы Англия чемпионы «Ливерпульге» 22 миллион еуроға  сатты.

Еуропадағы трансфер базарының соңғы күнінде футбол жанкүйерлері ерекше трансфер саудасына куә бол­­ды. Лондонның «Арсенал» клу­бы команданың маскоты – Гун­нер­заврмен қоштасқанын жария­лады. Сүйкімді динозавр «ка­но­нирлердің» жанкүйерлерін клуб «Хайбери» стадионында ойнап жүрген кезден бері қуантып келген-ді. Клуб осылайша маскотты жұ­мыстан шығару арқылы ақша үнем­деуді жоспарлаған екен.