Экология • 07 Қазан, 2020

Су ресурстарын басқару тобы сарапшыларының жоғары бағасына ие болды

517 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Женевада Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану туралы конвенцияның Су ресурстарын ықпалдасып басқару жөніндегі жұмыс тобының он бесінші отырысы өтті. Әлемнің 180 елінен келген қатысушылар кездесуге қашықтықтан және офлайн қатыса алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Су ресурстарын басқару тобы сарапшыларының жоғары бағасына ие болды

Олардың арасында академиялық топтардан немесе жеке сектордан үкіметтік және бірлескен органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың және басқа да мүдделі тараптардың атынан өкілдік еткен сарапшылар болды.

Қатысушылар Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенция жұмысының ағымдағы бағдарламасын жүзеге асыру және 2018 жылғы қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Тараптар кеңесінің сегізінші сессиясында қабылданған оның жаһандық ашылуындағы ілгерілеу мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан басқа, 2021 жылдың күзіне жоспарланған Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенция Тараптары кеңесінің кезекті тоғызыншы сессиясына дайындық және 2022-2024 жылдарға арналған жұмыс бағдарламасын әзірлеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Халықаралық диалог барысында Қазақстан өкілдері онлайн-режимде Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенцияның рөлін арттыру және оны жаһандық деңгейде қолдану аясын кеңейту бойынша ел қабылдап жатқан шараларды атап өтті, сондай-ақ жаңа елдерді оған қосылу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Жұмыс тобы Қазақстанның бастамалары мен елдің трансшекаралық контексте су ресурстарын орнықты және әділ бөлу жөніндегі басшылықты әзірлеу процесіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Сонымен қатар Су саясаты бойынша ұлттық диалогты (ССҰД) орындаудағы ілгерілеушілік атап өтілді, ол Қазақстанда іске қосылған сәттен бастап су ресурстарын басқару мәселелері бойынша елдің түрлі секторлары арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін тиімді құралға айналды.

Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенцияның Хатшылығы мен Еуропалық Одақ өңірдегі ССҰД жұмысына қаржылық қолдау көрсетуді жалғастыратыны атап өтілді. Өз тарапынан, біздің еліміздің өкілдері Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенция шеңберіндегі іс-шаралардың орындалуына, оның ішінде қаржы ресурстарын ұсыну түрінде қолдау білдірді және әріптес елдерді Конвенция жұмысының бағдарламасын толық көлемде орындауда қаржылық қолдау көрсетуге шақырды.

Су ресурстарын ықпалдасып басқару жөніндегі жұмыс тобы Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенцияның трансшекаралық су ресурстарын ықпалдасып басқару саласындағы сектораралық қызметті жүзеге асыруды қолдау бөлігіндегі көмекші органы болып табылады.

Жұмыс тобының отырысы барысында жиналған барлық ұсыныстар мен ескертулер негізгі баяндамада көрініс табатын болады, ал маңызды шешімдер 2021 жылы Трансшекаралық сулар жөніндегі конвенция Тараптары кеңесінің тоғызыншы сессиясы шеңберінде талқылауға және қабылдауға ұсынылатын шешімдер жобасына енгізілетін болады.