12 Қараша, 2013

Бітімгершілік шешімін тапса деймін

332 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Төле би айтыпты дейтін «Елге бай құт емес, би құт», «Биі жақсының, елі жақсы» қағидаларын бүгінде кім білмейді. Сөйтсек, «құт» дегеніміз адамның басына қонатын «бақыт құсы» екен. Сонда әулие Төле би елдің басына қонатын бағы сол кездегі билерге, бүгінгіше айтсақ, судьяларға байланысты деген екен ғой. Шынында да судья мыңдаған адамның тағдырын, өзара дауларын шешіп, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап беретіні баршамызға мәлім.

Соттар қызметінің тиімді­лігі туралы көп айтылып­ жүр­генімен, олардың шы­ға­ратын шешімдерінің әділет­ті­лігіне қарап қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қа­лыптасады, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азамат­тардың мүдделерін қорғау қабілеті бағаланады.

*Қазақстан судьяларының VІ съезі қарсаңында

Төле би айтыпты дейтін «Елге бай құт емес, би құт», «Биі жақсының, елі жақсы» қағидаларын бүгінде кім білмейді. Сөйтсек, «құт» дегеніміз адамның басына қонатын «бақыт құсы» екен. Сонда әулие Төле би елдің басына қонатын бағы сол кездегі билерге, бүгінгіше айтсақ, судьяларға байланысты деген екен ғой. Шынында да судья мыңдаған адамның тағдырын, өзара дауларын шешіп, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап беретіні баршамызға мәлім.

Соттар қызметінің тиімді­лігі туралы көп айтылып­ жүр­генімен, олардың шы­ға­ратын шешімдерінің әділет­ті­лігіне қарап қоғамның мемлекетке деген көзқарасы қа­лыптасады, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және азамат­тардың мүдделерін қорғау қабілеті бағаланады. Бірақ сот жүйесінің де қоғамның өзге саласы сияқты қордаланып, өз шешімін күтіп тұрған мә­селелері жетерлік. «Күлтөбенің басында күнде жиын» десек те, Қазақстанның барлық судьялары бас қосып, талқыға салмаса өздігінен шешіле қоймайтын мәселелер де баршылық. Осы жағынан алғанда елімізде төрт жылда бір рет өтетін судьялар съезі өте құнды жиын болмақ.

Сөз шындығы керек, судьялар съезі деген сөзді есіткенде елең етпейтін судья жоқ шығар-ау. Осынау сөздің судьялық қызметке қатысы бар әр аза­матқа мәртебе беріп, асқан жауапкершілік жүктейтіні айтпаса да түсінікті, дегенмен де, біздің биылғы съезден күтеріміз ерекше, һәм бұл съездің маңызы бұрынғылардан басымырақ болады деп ойлаймын.

Өйткені, осы съезде сот жүйесінің мәртебесін көтеруге және сот жүйесінің ашықтығын айқындауға көп көңіл бөлінеді деген ойдамын.

Мысалға, осыдан 17 жыл бұрын өткен Қазақстан Респуб­ликасы судьяларының І съезі­нің қаулысын қарасаңыз, онда сот жүйесінде шешілмеген көп­теген мәселелер болғанын сезесіз. «...Судьялар съезі тәуел­сіз сот төрелігінсіз заңды құр­меттеуге қол жеткізу және қоғамда әлеуметтік тұрақ­ты­лықты қамтамасыз ету мүмкін еместігін атап өтті. Осыны ескере отырып, Қазақстан Рес­публикасы судьяларының съезі судьялардың құқықтық реформаны қамтамасыз ету ісіндегі қоғамдық саяси белсенділігін күшейтуге аса назар аударады» депті. Бүгінде Қазақстанда судьяларды тұрақты негізде Елбасы тағайындайды, сөз шындығы керек, бұл оларға барлық деңгейдегі атқарушы биліктің басшыларына, депу­таттарға және өзінің сот бас­шы­лығына жалтақтаусыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретіндігі жасырын емес. І съездің қаулысымен Қазақстанның Судьялар одағы, «Судья әдебінің кодексі» қабылданды.

Күнделікті өмірде онсыз­ қадам бастырмайтын бұл кішкене ғана кодекс әдептер жиынтығы бүгінде әр судьяның жұмыс үстелінің үстінен табылады десем артық айтпаған болармын. Ата Заңымыздың әр азаматқа қандай құндылығы болса судья үшін бұл кодекстің сондайлық маңызы бар. А­талған қаулыда «...осы күнге дейін сот орындаушыларының мәртебесін арттыру тура­лы заңнамалық актілер қа­был­­данған жоқ, бұл сот ше­шім­дерінің орындалуына­ әсе­рін тигізеді...» делінген. Қа­зақ­та «Күріштің арқасында күрмек су ішіпті» деген­ маңызы терең сөз бар. Судья­лар­дың осы жиындағы шеші­мінен соң елімізде Сот орын­дау­шы­лары­ның мәртебесі туралы заң қабылданып, олар соттан бөлініп, Сот актілерін орындау комитеті болып құрылды. Бүгінде жұмыстарын жандандырып, үлкен сала болып отыр. Олардың еңбектерінің дәлелі ретінде сот орындау­шылар институтының мемлекеттік және жекеге бөлінуін, сот шешімдерінің бұрынғыға қарағанда тиімді әрі жедел орындала бастауын келтіруге болады. Бұл тек сол шешімдерді шығаратын судьялар үшін ғана емес, еліміз үшін де үлкен мәртебе, жетістік емес пе?

«Сот құзыретін кеңейту, соттарға түсетін қылмыстық, азаматтық істер мен әкімшілік материалдардың көбеюі, судьялар штат санының жеткіліксіз болуы келіп түскен істерді соттардың қарап үлгермеуіне әкеп соғады. Бұл ретте судья­лардың жалақысы олардың жоғары мәртебесіне сай емес және лайықты өмір жағ­дайларын қамтамасыз ет­пейді, ал сот аппараттары қыз­меткерлерінің жалақысы мүлдем аз. Судьяларды баспанамен қамтамасыз етуде күрделі мәселелер бар», дейді қаулыда. Қарап отырсаңыз, судьялар небәрі 17-ақ жыл бұрын осындай қиын-қыстау жағдайды бастарынан өткеріпті. Бұл бәрі­міздің есімізде. Сол жылдардан бері қарап отырсақ, судьялардың айлық жалақысы айтарлықтай өсіп, олар лайықты жалақымен қамтамасыз етілген. Еліміздің экономикалық жағдайы жақсарған сайын олар бұдан да жоғары жалақы алатыны даусыз.

Съезд сайын көтеріліп, кейіннен қабылданған соттарды мамандандыру мәселесі де бүгінде сот жүйесінің басқан ең сәтті қадамдарының бірі екендігін дәлелдеуде. Тіпті қыл­мыстық, экономикалық, әкімшілік, ювеналдық соттарынсыз бүгінде бұл жүйені елес­тете алмаймыз. Бұл өз кезегінде шығарылған шешімдердің сапасын көтеріп, халықтың сот жүйесіне деген сенімділігін нығайтты. Бүгіндері апелляция институтының енгізілгені былай тұрсын, оның өзі де мамандандырылып, қылмыстық істер жөніндегі және азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық алқа болып екіге жарылғанын да орасан еңбектің жемісі деуге тұрарлық.

Осыған дейінгі бес съезде үздіксіз айтылып келген маңызды мәселелердің бірі сот­тардың материалдық-тех­никалық жағдайын жақ­сар­ту болатын. І съез­де «Сотқа куәлар мен жәбір­ле­нушілердің келуіне байланысты шығындарды төлеуге, істерді қылмыс жасаған жер­де өткізілетін сот отырыс­тарында қарау жөніндегі іс­сапар шығындарына, істерді жоғары сот сатыларына жіберу­мен байланысты пош­та шығындарына соттарда қа­ра­жат жоқ. Ғимаратты жалға алу үшін, байланыс қызметіне төлейтін және жанар-жағармай сатып алу үшін қаражат жоқ. Соттардың олардың қыз­метін қаржыландыру тура­лы өтінімдері жыл сайын қам­тамасыз етілмейді, бұл соттарды тиісті сот төрелігін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырады» делініпті. Бүгінде соттар, ең жаңа дейтін заманауи технологияларды пайдаланып, жылдан-жылға материалдық-техникалық жағ­дайын жақсар­тып келеді. Сотта еңбек етіп отырған әр маманның алдын­да компьютер, интернет, элек­тронды байланыс. Сот төр­­ағалары кабинеттерінде оты­рып-ақ онлайн жүйесі ар­қы­лы бейнебайланысқа еркін шығатындай халде. Тіпті күн­шілік алыс аудандардағы ауыр қылмыс жасап сотталған­дар­дың мерзімінен ерте босату туралы материалдарды онлайн-скайп жүйесі ар­қы­лы қарап отырмыз деп еш­кімді таңғалдыра алмайсыз. Сіз сотқа қатысушысыз делік, өтініште өзіңіздің ұялы те­ле­фоныңыздың нөмірін қал­дырсаңыз болды, sms хабарлама арқылы немесе интернет желісі арқылы үйіңізден шықпай-ақ, істің қашан және қайда қаралатыны туралы мәліметті әп-сәтте біле аласыз. Бұл – бүгінгі сот жүйесінің жетістіктері, маңдай тердің жемісі. Мұны айтпай кетуге де болмайды.

Ал өз басым судьялардың V съезіндегі берілген соны тап­сырмаға дауларды баламалық әдістер – бітім­гер­ші­лік рәсімдер мен медиация арқылы шешуді енгізуді айтар едім. Артынша медиация заңы қабылданып, бүгінде ол судьялар жүктемесін азайтуда өз рөлін әлі атқарады деп кү­тілуде.

Ақжан ЕШТАЙ,

Ақмола облыстық сотының төрағасы.

КӨКШЕТАУ.

Соңғы жаңалықтар