Аймақтар • 07 Қазан, 2020

Маңғыстауда эпидемиялық ахуал тұрақты

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Маңғыстауда эпидемиялық ахуал тұрақты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте (6 қазан) 14 науқас облыстағы провизорлық ауруханаларға түскен. Оның ішінде пневмония (U.07.2) нақтамасымен түскен науқастар саны 9. Емделіп шыққан науқастар саны 6. Маңғыстау облысының аумағында 2020 жылдың 27 наурызы мен 7 қазан аралығында  3343 COVID-19 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 1141 шағымы бар, 2202 шағымсыз  науқас анықталды. Ақтауда – 467, Жаңаөзенде - 157, Түпқарағанда – 38, Қарақияда – 75, Маңғыстауда – 41, Мұнайлыда – 165, Бейнеуде 198 шағымы бар науқас тіркелді.  Коронавирус инфекциясын сырттан әкелгендер – 6,  жергілікті – 864, қарым-қатынаста болғандар – 271 жағдай. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар – 72 науқас, емделіп шыққандар 3267.

Облыста 2020 жылдың 07 қазанына ПТР тәсілімен мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда (барлығы – 5) 120 756 адам тексеріліп, оның 3343 оң нәтиже берді. Ұлттық сараптама орталығының өңірдегі филиалында  бүгінгі таңда 12611 тест сынамасы бар.

"Облыста 23 мониторинг тобы құрылып, 1431 рейдтік  тексерулер жүргізілді. 285 нысанда бұзушылықтар анықталып, оның 285 түсінік жұмыстары жүргізілді. 58 нысанға арнайы тексеру жүргізіліп, корытындысы бойынша 116 әкімшілік хаттамалар толтырылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте 14 науқас облыстағы провизорлық ауруханаларға түскен. 6 науқас емделіп шықты", деді МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев.

Айта кетейік, 17-ші тамыздан бастап кезең кезеңімен қоғамдық тамақтану орындарының ашылуына байланысты, 5708 нысан жұмысын қайта бастады. Инфоқазақстан жүйесі бойынша 4730 электронды хабарлама, 978 жазбаша арыз келіп түсті.