12 Қараша, 2013

Армандарды тоғыстырған – «Болашақ»

335 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Кез келген елді дамытушы негізгі күш – жастар. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау үшін көптеген заңдар қабылдап, бағдарламаларды жүзеге асырды. Мысалға алсақ, солардың бірегейі Елбасы бас­тау басында тұрған «Болашақ» бағдарламасы сәтті іске асырылып, бүгінде жемісін бе­ріп жатыр. «Болашақтай» бағ­дарлама әлі күнге бірде-бір елде дүниеге келген жоқ. Дәл қа­зір мен осы бағдарламаның стипендиаты болып, Қытай астанасындағы Цинхуа университетінде білім алып жатырмын.

Кез келген елді дамытушы негізгі күш – жастар. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау үшін көптеген заңдар қабылдап, бағдарламаларды жүзеге асырды. Мысалға алсақ, солардың бірегейі Елбасы бас­тау басында тұрған «Болашақ» бағдарламасы сәтті іске асырылып, бүгінде жемісін бе­ріп жатыр. «Болашақтай» бағ­дарлама әлі күнге бірде-бір елде дүниеге келген жоқ. Дәл қа­зір мен осы бағдарламаның стипендиаты болып, Қытай астанасындағы Цинхуа университетінде білім алып жатырмын.

Цинхуа университеті – Қы­тайдағы ең ықпалды ғасыр­лық тарихы бар университет. 2010 жылы АҚШ-тың та­ны­мал «Форбс» қаржы журналы әлемдегі ең көркем он төрт университетті анықтады. Оның оны АҚШ-та болса, үшеуі Еуропада, ал Азиядан жалғыз Цинхуа университеті осы көрсеткіштің қатарынан табылды. Көркі көз қарықтырар осы оқу ордасы, сонымен қатар, бірі­нен кейін бірі билікке келген екі ел басшысын, яғни экс-басшысы Ху Цзинь Тао мен қа­зір­гі басшысы Си Цзиньпинді де түлеткен! Таяуда Қытайда ықпалды саясаткерлерді да­йындаған университеттер тізі­мі жарияланды. Бұл тізімде би­лік басындағы ең ықпалды 49 саясаткерді түлеткені үшін Цинхуа университеті бірінші орынды иеленіп, «Саясат кемеңгерлерінің бесігі» деген атаққа ие болды.

Еліміздің оқу ордаларынан өзгешелігі – бұл университеттің аумағы өте үлкен. Сол себепті университет ауласының ішінде арнайы автобустар қатынайды. Ал студенттердің көбі велосипедпен жүреді. Аталмыш оқу ордасының студенті атанудың өзі бір ғанибет. Мұндағы әрбір жас әр саланың аты затына сай маманы болып шығады. Олардың әр күні қарбаласқа толы. Өйткені, атағына қарай уни­верситеттің талабы да жоғары. Кітапхана таңғы жеті жа­рым­нан бастап түнгі он бірге дейін жұмыс жасайды. Таңертең жарым сағат кешігіп барсаңыз, кітапханадан орын таппай қалуыңыз әбден мүмкін. Ал әр күні таңмен бірге оянып, университет ауласындағы бау-бақшалар ішінде үңіле сабаққа кірісетіндерінің өзі қаншама. Осының өзі адамның білімге деген құштарлығын оятары анық. Сонымен қатар, мұнда өзге елдің балалары да білім алады. Олардың бойынан көптеген ізгі қасиеттерді үйренуге болады. Өз еліңнің атына кір келтірмес үшін әріптестеріңмен бәсекелестікте білім аласың. Ұстаздарым мені жақсы үлгерімім үшін мақтап жатса, мен елімді мақтап жат­қандай қуанамын. Сол кезде мен мұнда өз қара басымның қамын күйттеп емес, тұтас бір Отанның сенімін арқалап жүр­генімді жақсы түсінемін. Ал мемлекет дегеніміз тек Қазақстан билігі емес, ол – сол мемлекеттің халқы. Сондықтан біз ең алдымен халықтың үмітіміз.

1993 жылы 5 қарашада құ­рылған «Болашақ» бағдар­ла­ма­сында өткен жылға дейін тоғыз мыңнан астам студент оның стипендиаты атанып, әлемдегі алдыңғы қатарлы отыздан астам мемлекеттің ең мықты оқу ордаларында білім алу мүмкіндігіне ие болды. Мұның өзі осы орталық ұжымының жұдырықтай жұмылып, әрбір мәселеге бел шеше кірісіп, жауапты да жалынды еңбек еткендігінің айғағы деп білемін.

Әрине, еліміздің іргесінің бекем болуы, әр саланың өркендеп көркеюі, әрбір жемісті жетістікке қол жеткізуі ең алдымен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назар­баев­тың болашақтың кемел келешегін батыл болжап, парасаттылық пен кемең­гер­лікті ту етіп ұстанған саясатына тікелей байланысты.

Елбасымыз бір сөзінде: «Елiң­нiң ұлы болсаң, елiңе жа­ның ашыса, азаматтық намы­сың болса, қазақтың мем­лекетiн нығайтып, көркеюi жо­лында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi еке­нiңдi ұмытпа», – деген еді. Сондықтан мен шет жерде алған білімімді елімнің игі­лігіне жұмсағым келеді. Бұл – менің Ұлы Қазақ елінің алдын­дағы ұлы парызым!

Талап МЕЙІР,

Цинхуа университетінің 3-ші курс студенті.

Соңғы жаңалықтар