Қоғам • 08 Қазан, 2020

Оңалтудың техникалық құралдары

1068 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосқан ағым­да­ғы жылдың басынан бері портал арқылы мүге­дек­ті­гі бар адамдар үшін 14 723 оңалтудың техни­калық құ­ра­лы берілді.

Оңалтудың техникалық құралдары

Портал мүгедектігі бар адам­дар­ға оңалтудың техникалық құ­ра­лын өндіруші мен жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмектің кепілдік беріл­ген түріне тапсырыс беру элек­трон­ды цифрлы қолтаңба арқылы жү­зеге асырылады. Тапсырыс беріл­ген ОТҚ-ны жеткізу арқылы неме­се өз бетінше алып кетуге бола­ды.

Қазіргі уақытта порталда ОТҚ-ның 55 түрінің 24-і қолже­тімді. Қазан айында қанат­қақты тәртіпте портал арқылы жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызмет­те­рі­не тапсырыс беру, сондай-ақ шипажайлық емделу ұйы­мын таңдау мүмкіндіктері іске қосы­ла­тын болады. ОТҚ-ның қалған түрлері 2021 жылы порталға ауысты­рылатын болады.

Мүгедектігі бар адамдар­ды оңалту құралдарымен қам­та­ма­сыз ету протездік-орто­пе­дия­лық, сур­дотехникалық, тифло­тех­­ни­ка­лық және гигиеналық құрал­дар­ды, сондай-ақ кресло-арбаларды ұсынуды қамтиды.

Еске сала кетейік, электронды ре­­сурс мүгедектігі бар адамдар­ды қажетті қызметтермен және жет­­кізушіден тікелей ОТҚ-мен қам­­тамасыз ету мақсатында әзір­лен­­ген. Бүгінгі таңда порталда
5 748 мүгедектігі бар адам және «Қам­­қоршы» мәртебесіне ие
5 216 адам болған.

Қазіргі уақытта порталда 733 жеткізуші тіркелген, оның 25-і ОТҚ ұсынады. 708 ұйым арна­йы әлеуметтік қызметтер көрсе­тетін болады. Министрлік жеткізу­ші­лер­дің санын арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпарат­тық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құ­қық­тарын қам­та­­масыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шең­берінде көзделген.

Порталды пайдалану бойынша кеңесті 1411 нөмірі бойынша колл-орталықтан алуға болады.