Қоғам • 08 Қазан, 2020

Жылу мәселесі күйіп тұр

177 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Павлодар қаласында ауа райының температурасы түнде 2 градусқа дейін төмендесе де, көпқабатты тұрғын үйлер толықтай жылуға қосылған жоқ. Бұл ретте себеп баршылық: әдеттегі пәтер иелері кооперативінің қол қусыруынан бас­тап қаланың жаңа шағын ауданына жылу магистралін тарту жұмыстарының жүргізілуіне де байланысты болып отыр. Облыс басшылығы бұл мәселені құзырлы мекемелерден күн сайын есеп талап ету арқылы бақылауда.

Жылу мәселесі күйіп тұр

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, EQ

Облыс орталығында жылу беру мәселесіне байланысты ке­зекті жиынды жексенбі күні Павлодар облысының әкімі Әбіл­қайыр Сқақов тағы бір мәрте өткізді. Облыс басшысы желі­лер­дегі апаттардың салдарын жою бойынша жұмысты ұйым­дастыру деңгейі нашар еке­нін айтып, кәсіпорын дайын­ды­ғын қатаң сынға алды. Өз кезегінде «Павлодар жылу же­лі­лері» ЖШС басшылығы бұған төтенше жағдайларды жою үшін жұ­мысшылар жетіспейді деген уәж айтты.

– Павлодар бойынша жылу­ды қалыпты іске қосу үшін 20 күн қажет, бүгін жылыту мау­­сымы басталғаннан бері 12-ші күн өтті, – деп түсіндірді «Пав­ло­дарэнерго» АҚ басшысы Олег Перфилов. Сонымен қатар біз жөндеу жұмыстарын мамыр айында карантинге байланысты кейінге шегеріп, жоспардан бір ай кейін бастағанымызды ұмыт­па­уымыз керек.

Бірақ бұл уәж әкімнің көңілін көншітпеді. Ол кәсіпорында аяқ­ас­ты туындауы ықтимал әр­т­үр­­лі тәуекелдерді жоспарлау мен болжаудың жоқтығын атап өтті. Яғни монополистің дә­лел­дері негізсіз. Сол себепті Ә.Сқақов жылу беруші ұйым жөндеу буындарының санын көбейтіп, тәулік бойы жұмыс істеу  режіміне көшуін талап етті. Ол өзінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімхановқа бейінді қыз­меттермен бірлесіп, жылу же­лілерінің тозуы тұрғысынан проблемалық аймақтарды анық­т­­ау­ды және оларға тұрақты бақы­лау орнатуды тапсырды.

Мәліметке сүйенсек, Павлодар қаласында қазіргі кезде 1 145 көпқабатты тұрғын үйдің 90%-ы жылу жүйесіне қосылған, 1 165-і (90%-дан астамы) ыстық сумен қамтамасыз етілген. Қазір 112 үй жылусыз, 69 үй ыстық сусыз қалып отыр. Жылу болмауының себептерінің жартысы жылу желілеріндегі апаттарға байланысты болып отыр. 36 үй ПИК-тің дайын болмауына байланысты жылусыз қалған.

Тағы 20 үй «Дачный» шағын ауданында орналасқан. Шаһар басшысы Ержан Иманслямның есебі бойынша, мұнда барлық жөндеу жұмыстары аяқталған, қазір жүйені сумен толтыру жүріп жатыр. «Дачный» шағын ауданының тұр­ғындары жылуға бүгін-ер­тең қосылады. Айта кетелік, дәл осы Дачный ауданының тұ­сында магистральдық құбыр тарту бойынша күрделі жұмыстар жүргізілуде. Аталған аумақта қазу жұмыстарының өткізілуіне байланысты «Дачный», оған іргелес Усолка шағын аудандары 15 мамырдан бастап ыстық сусыз күн кешіп келеді.

Облыс әкімі қала тұрғын­да­ры­нан, әсіресе «Дачный» шағын ауданының тұрғындарынан көп­те­ген шағым түсетінін атап өтті. Ә.Сқақов қала басшысына же­дел түрде осы шағын ауданның тұр­ғындарымен кездесіп, олардың үй­лері бойынша ағымдағы жағдай туралы хабарлауды тапсырды.

Айта кетелік, жуырда Павло­дар қаласының Сол­түс­тік жылу желі­лері ауданында, Н.Назар­баев даңғылының бо­йындағы авто­көлік көпірі аума­ғында қо­сым­ша жаңа насос стан­сасы қол­да­нысқа берілмек. Жаңа станса – «Павлодар жылу желі­ле­рі» ЖШС 2030 жылға дейін қаланы да­мы­тудың бас жоспарына сәйкес қала әкімдігімен бірлесіп іске асырған жобасы. Аталған насос стансасы сұра­ны­сы өсіп отырған жылумен қам­ту­дың сенімділігіне, Павлодар қа­ла­сының орталық аумағында гидра­в­ликалық режімді жақ­сар­туға көмегін тигізеді. Атап айтқанда, Ломов көшесіне дейінгі аумақты, сондай-ақ Сарыарқа шағын ауданына дейін жылумен қам­туды күшейтеді. Орталық жы­лу жүйесіне қосылған кей­бір аймақтарда орын алған олқылықтарды жоятын болады. ПНС 2/3 құрылысын іске асыру жұмыстары 1 жыл бойы жүргізілді. Бұл мақсатта қала бюджетінен 960 млн теңге бөлінді. Бүгінде барлық құрылыс жұмыстары аяқталған, құрылғыны іске қосу, жұмысын реттеу процестері жүзеге асырылуда. Мамандар құрал-жабдықты әртүрлі қысымда жұмыс істеу қа­бі­летін сынақтан өткізіп, тек­се­ру­де.

Сондай-ақ Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша Маяковский-Ломов көшелерінің аумағында №5 жылу магистралінің қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған нысанды реконструкциялау нәтижесінде Затон аумағында салынып жатқан 350 оқушыға арналған жаңа мектеп сапалы жылу қуатымен қамтамасыз еті­ле­тін болады.

Сөз аяғында айта кетелік, пандемия қаупіне байланыс­ты өңірлерге биыл жылуға қосу жұмыстарын жеделдету тапсы­рыл­ған болатын. Тұрғындар суық­та жаурап, оның соңы жіті рес­пираторлық вирустың, тұ­мау­дың, тағы да басқа маусымдық аурулардың күшеюіне себеп болмауы керек. Бұл ретте, Павлодар өңіріне жұмысты одан әрі қатаң бақылауда ұстау қажет.

 

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

 

ПАВЛОДАР