12 Қараша, 2013

«Хайян» – соңғы 100 жылдағы ең алапат тайфун

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-11-13-haian-1

Біріккен Ұлттар Ұйымы «Хайян» тайфунын соңғы 100 жылдың ішіндегі ең жойқын дауыл деп атады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық көмекті үйлестіру жөніндегі басқармасының өкілі Джон Гинг: ««Хайян» тайфуны 9,8 миллионнан астам адамды тентіретіп жіберді. Мұндай алапат соңғы 100 жылда кездеспеген», – деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының гуманитарлық көмек жөніндегі орынбасары Валери Амос Филиппинге барып, ондағы жағдайды көзімен көрді.

Валери Амос тайфуннан зардап шеккен тұрғындарға алғашқы көмек ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан  25 млн. доллар бөлінгенін жеткізді. Қазіргі уақытта «Хайян» тайфуны жайпап өткен аймақтағы халықты азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, таза ауыз сумен қамтамасыз ету ісі күн тәртібінде тұр.

«Хайян» тайфуны салдарынан шамамен 10 мыңнан астам адамынан айырылған Филиппинге халықаралық ұйымдар тарапынан көмек берілуде.

Жолдыбай Базар. 

Соңғы жаңалықтар

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Бүгін, 22:56