Кино • 08 Қазан, 2020

"Түркістан құпиялары" фильмінің тұсауы кесілді

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында облыстық мәдениет басқармасы "Оңтүстікфильм" мекемесінің ұйымдастыруымен "САҚ" киностудиясы түсірген "Түркістан құпиялары" сюжетті-деректі фильмінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Түркістан құпиялары" фильмінің тұсауы кесілді

Бояулар, "Тайқазан" құпиясы, Ясауи туралы, бала Ахметтің Арыстанбабтан алған аманат құрмасының сыры секілді тың ақпараттар қамтылған деректі фильмге тарихи тылсымға толы киелі мекеннің құпиялары арқау болған. "САҚ" киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев фильмнің түсіріліміне тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев арнайы қатысып, кеңесші болғанын айтады.

а

Көрсетілімнен соң Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев пен фильм режиссері Батырхан Дәуренбеков, дінтанушы, ғалым Досай Кенжетайұлы сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Жаңа туынды рухани астананың көпшілікке беймәлім құпияларын қамтып қана қоймай, көрерменнің Түркістанға деген жаңа көзқарасын қалыптастыруға ықпал ететіні айтылды. Үш тілде жарық көретін аталған фильмнің ұзақтығы – 24 минут. Сценарий авторы – Бақытжан Құлжабаев, продюссері – Нуриддин Паттеев, режиссері – Батырхан Дәуренбеков.