13 Қараша, 2013

Өзара ықпалдастық орайындағы әңгіме

420 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Прези­денті Нұрсұлтан Назар­баев Швейцария Конфе­де­­рациясы Кантондар ке­ңе­сі­нің президенті Филиппо Лом­бардиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Пре­зи­дентінің баспасөз қызметі.

Кеше Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Прези­денті Нұрсұлтан Назар­баев Швейцария Конфе­де­­рациясы Кантондар ке­ңе­сі­нің президенті Филиппо Лом­бардиді қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Пре­зи­дентінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі­жақты парламентаралық қарым-қатынастар, сондай-ақ, жаңа технология, энергетика салаларындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастық жайы талқыланды.

Мемлекет басшысы бұл Ф.Лом­бардидің Қазақстанға ал­ғашқы сапары екенін, оған елеу­лі маңыз беріліп отырғанын жеткізді.

– Біз бұдан жиырма жыл бұрын Швейцариямен дип­ло­матиялық қарым-қатынас орнаттық. Елдеріміз арасында жақсы сауда-экономикалық ынтымақтастық орныққан, өзара инвестиция артуда. Бізде екіжақты өзара ықпалдастықтың жағымды қарқынын жалғас­тыруға деген мүдделілік бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Пре­зиденті мемлекетаралық қа­рым-қатынастарды ны­ғай­­ту­ға қомақты үлес қоса­тын­ парла­ментаралық бай­ла­ныс­тардың маңыздылығын атап көрсетті.  

Швейцарияның Кантондар кеңесі президенті тек саяси және сауда-экономикалық өзара ықпалдастықты ғана дамы­тып қоймай, өзге де сала­лардағы ынтымақтастықты жан­дандырудың маңызды екеніне тоқталды.

– Біз басты тақырыбы бо­лашақтың энергиясы болатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге қолдау көрсе­тетінімізді және Қазақстанның барлық саладағы, соның ішін­де экономикадағы, өңірде тұ­рақтылық пен бейбітшілікті қолдаудағы жетістіктеріне деген ілтипатымызды білдіргіміз ке­ле­ді. Бұған қоса, Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға табысты төр­ағалық етті, ал Швейцария ­бұл ұйым жетекшілігін 2014 жылы қолға алады, сондықтан біз үшін Қазақстанның тәжіри­бесі пайдалы болмақ, – деді Ф.Ломбарди.

Суретті түсіргендер

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Бүгін, 22:56