Қоғам • 08 Қазан, 2020

"Нұр-Сұлтан – Петропавл" тасжолында жөндеу жүргізудің жаңа технологиялары енгізілуде

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қаласы арқылы "Нұр-Сұлтан – Петропавл"  тасжолының 69 шақырымындағы тәжірибе-эксперименттік аумақта "Қазавтожол" ҰК" АҚ "UneedUs" компаниясымен және ҚР ИИДМ Жол активтері ұлттық сапа орталығымен бірлесіп, инновациялық CONFIX материалын апробациялады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан – Петропавл" тасжолында жөндеу жүргізудің жаңа технологиялары енгізілуде

CONFIX полимерлі бетоны цементбетонды жабындыдағы шұрық-тесік пен шұңқырларды жөндеуге арналған. "UneedUs" компаниясының ақпарынша, бұл соңғы өнертабыстардың бірі. Жаңашылдығын айтар болсақ, фракцияланған құм мен цементтен құралған және түрлі полимерлер қосылған құрғақ қоспа түріндегі материал.

CONFIX модификацияланған материалы сумен араластырылғанда тез қатады. Негізінен жабындысы бетоннан болатын аэродромдар мен автожолдардағы түрлі ақауларды жоюда қолданылады. Мәселен, шұңқырлар мен ойдым-ойдым тесіктерді жөндеуде пайдаланылады.

Қазір жолдың тәжірибе-экспериментік аумағында зерттеулер мен бақылаулар жүргізілуде. Оң нәтиже болған жағдайда аталған технология республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы орташа жөндеу жұмыстарына енгізілмек.

Еске сала кетейік, еліміздің автожол саласында жаңа технологиялар мен материалдарды енгізу жұмысы белсенді жүргізілуде. Жұмыс материалды жұмсау мен жол конструкцияларының өзіндік құнын төмендетіп, беріктік мінездемелерін арттыруға және жөндеуаралық мерзімін ұлғайтуға бағытталған.