Аймақтар • 08 Қазан, 2020

Қызылордалық оқушылар кардиохирург Юрий Пямен онлайн кездесу өткізді

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің "Даналық бейсенбі" жобасы аясында қызылордалық оқушылар белгілі кардиохирург Юрий Пямен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық оқушылар кардиохирург Юрий Пямен онлайн кездесу өткізді

Юрий Владимирович Пя –«University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, Қазақстанда алғаш жүрек ауыстыру отасын жасаған маман. «Teams» платформасында оқушылармен қашықтан өткен кездесуде белгілі дәрігер табысқа жету тарихымен таныстырып, жастық шағы жайлы айтты.

"Мамандық таңдауға келгенде қай бағыт өзіңе жақын келетінін түсіну  қиын. Жас кезімде физик болуды армандадым. Алайда мүмкіндіктерім мені Мәскеудегі медициналық университетке апарды. Алғашқы жылдары кедергілерді жеңу үшін өздігімнен көп жұмыс жасап, өзімді үнемі жетілдіріп отырдым", – деді  Юрий Владимирович.

Қазақстанда кардиохирургия енді ғана дами бастаған сәтте Юрий Пя  медицинаны халыққа қол жетімді ету үшін жаңа технологияларды ендіруге үлкен септігін тигізген.

"Осыған дейін неліктен біздің елде атақты сыйлықтардың иегерлері жоқ деген ойда жүретінмін. Бұрын мұның себебі қолайлы жағдайдың болмауында деп қабылдасақ, қазір елдегі ахуал өзгерді. Жаңа форматта білім беретін жаңа оқу орындары ашылып жатыр. Бүгінде жастардың нанотехнология, жасанды органдар, гендік инженерия салаларында жаңалық авторы болуларына білімі жетеді, мүмкіндіктері мол", – дейді ол.

Аталған кездесуге Қызылорда, Павлодар және Көкшетау қалаларының зияткерлік мектептерінен 900-ден астам оқушы қосылды.