13 Қараша, 2013

Күмәнді кәсіпкерлер

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбылдық қаржы полициясы қыз­­мет­керлері 33 мың литр көлеміндегі этил спиртін Шымкент қаласынан Алматы қаласына апара жатқан «VOLVO» және «MAN» маркалы 2 автокөлік жүргі­­­зушілерінің жолын кесті. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаржы полицейлері азамат К. мен азамат Т.-ның тіркемелердегі сұйықтың этил спирті екендігін анықтады. Ал этил спиртінің 1 литрі нарықта 930 теңгеге баға­ланады.

Жамбылдық қаржы полициясы қыз­­мет­керлері 33 мың литр көлеміндегі этил спиртін Шымкент қаласынан Алматы қаласына апара жатқан «VOLVO» және «MAN» маркалы 2 автокөлік жүргі­­­зушілерінің жолын кесті. Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қаржы полицейлері азамат К. мен азамат Т.-ның тіркемелердегі сұйықтың этил спирті екендігін анықтады. Ал этил спиртінің 1 литрі нарықта 930 теңгеге баға­ланады.Демек, 33 мың литр этил спиртінің жалпы құны 30,7 миллионнан астам теңгені құрайды деген сөз.

Бүгінде күдікпен ұсталған күмәнді кәсіпкерлер К. мен Т.-ға тіркеуден өтпегені, арнаулы рұқсатсыз (лицензиясыз) көп мөлшерде акцизделінетін тауарларды сақтағаны және оны сату арқылы заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін ҚК 190-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қоз­ғалды. Қазіргі кезде қылмыстық істер сот қарауында.

Жалпы, қаржы полициясы департа­ментінің қызметкерлері ағымдағы жыл­дың басынан бері көлемі 60 мың литр­ге жуық этил спирті түріндегі контра­бандалық тауарларды қолға түсірді. Оның құны 56 миллионнан астам теңгені құ­райды. «Айналымнан» алынған 60 мыңға жуық литр контрабандалық спирттен «көлеңкелі бизнес» өкілдері сапасы нашар алкогольдік өнімнің 240 мыңнан астам бөтелкесін жасауды жоспарлапты. Ал оны ішкен жүздеген тұрғындардың ден­сау­лығы бұзылатыны айтпаса да түсінікті.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар

Күшті үйлестіру – озық тәжірибе

Аймақтар • Бүгін, 22:56