Экономика • 09 Қазан, 2020

Банкоматтардың саны 12 мыңнан асты

201 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қаңтар-тамыз аралығында елімізде қазақстандық және шетелдік төлем карталары арқылы қолма-қол қаражат беру 10,4 трлн теңгеге жетті. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш айтарлықтай өзгермеген. Өсім – 0,1%. Бұл туралы Ranking.kz порталы хабарлады.

Банкоматтардың саны 12 мыңнан асты

Бұл ретте төлем карталарымен жиынтық айналымнан қолма-қол ақшаны алу үлесі республика аумағында 59,9%-дан 35,8%-ға дейін қысқарып, керісінше ақша­сыз есеп айырысудың көлемі арт­ты. Осыдан 5 жыл бұрын қол­ма-қол ақшаны алу көрсет­кіші ай­на­лымның 90%-нан асып тұрған еді.

Карталар арқылы қолма-қол қаражатты шешу көлемінің қыс­қаруы үш өңірде байқалып, қалған аймақтарда жылдық өсім 0,9%-дан (Маңғыстау облысы) 27,7%-ға дейін (Алматы облысы) жеткен.

Алматы шаһарында керісінше қолма-қол ақшаның көлемі минус 28,2%-ға дейін азайып,  едәуір қысқару тіркелген. Алайда бұ­ған қарамастан, дәл осы қаржы ор­та­лығына өңірлер арасындағы қол­ма-қол қаражатты алудың ең үл­кен үлесі тиесілі (2,1 трлн теңге).

Қазақстанда төлем карта­ларын­дағы қаражат көбінесе банкоматтар арқылы алынады. Мәселен, қаңтар-тамыз айларында оның көлемі 9,6 трлн теңгені құрап, былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 10,6%-ға көбейді.

Коронавирус пандемиясы мен еліміздегі екінші деңгейлі банктердің шектеулі жұмысының салдарынан бөлімшелердегі POS терминалдар арқылы қаражатты алу 2 есеге қысқарды. Сәйкесінше, қолма-қол ақша алудың жалпы көлеміндегі банкоматтардың үлесі 83,6%-дан 92,4%-ға дейін өсті.

Бірінші жартыжылдықтың соңына қарай алғаш рет республи­ка аумағындағы банкоматтар са­ны 12 мыңнан асып, 2019 жыл­мен са­лыс­тырғанда 10,8%-ға арт­ты. Өсім Cash-in қызметі бар құ­рыл­ғы­лар санының 36,4%-ға, яғни 4,9 мың­ға дейін ұлғаюымен байл­аныс­­ты. Оның көлемі банкомат­тар­­дың жалпы санынан бір жыл ішін­де 33%-дан 40,6%-ға дейін өскен.

Ал ақшаны тек беру функция­сы бар құрылғылардың саны, керісінше 1,7%-ға, атап айтқанда 7,2 мыңға дейін азайған. Төлем картаның иелері әмбебап құрыл­ғылар­ды пайдаланғанды құп көреді. Өз кезегінде банктер клиент­­­тердің сұраныстарын қа­на­­ғат­­тандыруға тырысып келеді.

Барлық банкоматтың үштен бірі Алматыда (2,3 мың) және елордада (1,5 мың) шоғырланған. Сол секілді мыңдаған шағын банкомат Түркістан облысы, Шым­кент қаласы және Қарағанды аймағында орналасқан.