Бүгінде 1 миллионнан астам жеке кәсіпкер ғана жұмыстарын жүргізіп отыр, олардың саны бір жыл ішінде 1,2%-ға дейін қысқарған.
Бұл көрсеткіштер республиканың 9 өңірінде байқалады. Әсіресе, Шығыс Қазақстан (-9,2%) және Қостанай (-8,6%) облыстарында жеке кәсіпкерлік айтарлықтай тұралап қалды.
Ал жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны бойынша Түркістан облысы (133,2 мың), одан кейін Алматы (120,3 мың) және Алматы облысы (109,7 мың) көш бастап тұр.
Басқа өңірлерде олардың саны 23,9 мың мен 89,1 мың аралығында. Бұдан бөлек, сауда және автомобиль жөндеу саласындағы жеке кәсіпкерлік саны да күрт азайған.
Мәселен, транспорт және қойма саласында жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны (−7,5 мың немесе 10,4%) және жылжымайтын мүлікке байланысты операциялар (−6,9 мың немесе 9,4%) тоқтап тұр. Сонымен бірге, сектордағы өсім бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығында (+11,6 мың немесе 5%) және кәсіптік, ғылыми-техникалық қызметте (+4,9 мың немесе 26,7%) байқалды.