Аймақтар • 09 Қазан, 2020

МӘМС: Алматы қаласы жарна төлеуде көш бастап тұр

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін мегаполистегі өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Алматы қаласы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев МӘМС аясында халыққа медициналық қызмет көрсету мәселелері туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

МӘМС: Алматы қаласы жарна төлеуде көш бастап тұр

Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген 2017 жылдың 1-шілдесі мен 2020 жылдың 1-қазаны аралығында Қорға 423,1 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды.

Жарна көлемі жағынан Алматы қаласы көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, 2017 жылдың шілдесінен бүгінгі күнге дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 81,3 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 68 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 13,3 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынцша еңбек ететіндерге тиесілі. Сондай-ақ, 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 193 мыңнан алматылық 312,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлеген.

 

 

АЛМАТЫ