Жобаның авторы атақты қазақстандық сценарист және режиссер – Мәлік Зенгер. Ол көптеген заманауи әртістердің бейнебаяндарын түсірген өз ісінің маманы.
Әннің негізінде 7 жасында әкесінен айырылған және оған ән арнауды армандаған қыздың оқиғасы жатыр. Сондықтан, режиссердің басты назары жұмыстары өте қауіпті және өмірін қатерге тігетін қызметтегі сарбаздар, ғарышкерлер, өрт сөндірушілерге түскен.
"Бұл – өмірін қауіпке тіккен мамандықта жұмыс істейтін әкелерге арналған балалардың одасы. Яғни бір адам туралы ән ғана емес, жалпы әкелері қайтып оралмаған барша балалардың әні", деді қысқаша бейнебаянның сюжеті туралы Мәлік Зенгер.
Байқаудың гранд-финалын "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде көрсетеді. Әлемде қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты, Еуропалық хабар тарату одағы бұл байқауды әр қатысушы өз елінде телекөпір форматында өткізу туралы шешім қабылдады. Конкурстың жеңімпазы қазылар алқасының дауыс беруі және онлайн-дауыс беру арқылы анықталады.
Аталған байқауға Қазақстанның осымен үшінші мәрте қатысуы "Хабар" Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының (ЕВU) қауымдасқан мүшесі атануының арқасында мүмкін болып отыр.