Аймақтар • 09 Қазан, 2020

ХҚО қызметкерлері 101 жастағы кейуананы құттықтады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету үшін қарт адамдардың үйлеріне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ХҚО қызметкерлері 101 жастағы кейуананы құттықтады

Алайда, олар тек мемлекеттік қызметтерді көрсетіп қана қоймай, зейнеткерлерді өміріндегі маңызды оқиғалармен құттықтап, шағын сыйлықтар сыйлады. 

Мысалы, Пак Бон-Нен әжей 1919 жылы туған, 101 жаста. Әжені осы атаулы мерекесімен құттықтауға Әуезов аудандық фронт-офис қызметкерлері үйіне барып, жаңа жеке куәлігін рәсімдеп, мықты денсаулық тілей отырып туған күніне сыйлық сыйлады.
Одан кейін ХҚКО қызметкерлері ауданның құрметті қариялары - Сергей Семенович Косяков пен Василий Егорович Петровты да туған күндерімен құттықтап, құжаттарын рәсімдеп, сыйлықтар табыстап қайтты. Ардагерлерге фронт-офис ұжымының атынан алғыс хаттар табыс етті. Қариялар фронт-офис қызметкерлеріне риза болып, көңіл бөлгендері, жылулық сыйлағандары және қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " Біз жылу сыйлаймыз" атты жаңа тұжырымдаманы іске қосып, оған сәйкес әрбір клиентті айтулы оқиғаларымен құттықтайды.