10 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 10 қазанда түнде және таңертең Қарағанды қаласында тұман түседі.
10 қазанда түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус суық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
10 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.
10 қазанда түнде Шымкентте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. 10 қазанда Түркістан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшейеді. Түнде 1-3 градус үсік болады.
10 қазанда Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-18 м/с жетеді.