13 Қараша, 2013

Төрт тілді меңгерген Оксфорд түлегі

406 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Нұрсейіт Ниязбеков Еуропаға қазақы қалпымен де танылған азамат

Елбасының сарабдал саясатымен уақыт талабына сай білім нәрімен сусындауға талпынған талантты жастарға жарқын жол ашқан «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы өміршеңдігін көрсет­­­­кені ақиқат. Нәтижесінің нәрлілігі һәм мәуелігі сол – өркениетті елдерге барып, сапалы білім алумен шектелмей, төрткүл дүниедегі жүз­ден астам ұлт өкілдерінің құдды сүті­нің бетіне шыққан қаймағындай ірік­теліп қатарларына қосылған жас­ өс­кіндердің алдыңғы шебінде қазақ балаларының жүргенін естіген жан қуанатыны да, сүйсінетіні де рас.

Нұрсейіт Ниязбеков Еуропаға қазақы қалпымен де танылған азамат

Елбасының сарабдал саясатымен уақыт талабына сай білім нәрімен сусындауға талпынған талантты жастарға жарқын жол ашқан «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы өміршеңдігін көрсет­­­­кені ақиқат. Нәтижесінің нәрлілігі һәм мәуелігі сол – өркениетті елдерге барып, сапалы білім алумен шектелмей, төрткүл дүниедегі жүз­ден астам ұлт өкілдерінің құдды сүті­нің бетіне шыққан қаймағындай ірік­теліп қатарларына қосылған жас­ өс­кіндердің алдыңғы шебінде қазақ балаларының жүргенін естіген жан қуанатыны да, сүйсінетіні де рас.

Осы лекте Алматы облысы Қара­тал ауданынан шыққан Нұрсейіт Ниязбековтің де қадамы құтты болды. Құтты дейтініміз, ол Үштөбедегі орта мектеп қабырғасынан шық­қан соң, Англияның Оксфорд уни­вер­ситетінің саясаттану және халықаралық қатынастар факуль­тетіне 2007 жылы оқуға түсіп, айды аспаннан бір-ақ шығарғанына күллі аймақ қуана шаттанды. Қазақтың асыл азаматы, өзіндік ұстанымы бар, қайыспас қайсарлығын, көздеген мақсатына жетпей тоқ­талмайтындығын дәлелдеп, аталған оқу орнын 2010 жылы тәмамдады.

Әсілі, білім алу инемен құдық қазғандай, деп қазақ бекер айтпаған. Осынау қазақы даналыққа сол қазақтың ұлы данышпаны, ойшыл ақыны Абайдың «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой. Бес асыл іс көнсеңіз» деген көрегендігіне көңіл түкпірінен орын берген Нұрсейіт Мәкетұлы 004-2005 жылдары Оксфорд университетінің әлеу­­меттану факультетінің әлеу­мет­тану магистрі мамандығын оқып алғаны тағы бар. Ал 2000-2004 жылдары Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының саясаттану және халықаралық қатынастар бакалавры мамандығын меңгерді. Біле білсек, бұл Талдықорған өңірінен шыққан қазақтың қарапайым баласының білімге деген құштарлығын аңғар­тары анық.

Енді біздің кейіпкеріміздің еңбек жолына көз жүгіртсек, 2013 жылдың қыркүйек айынан бері Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, халықаралық білім беру бағдарламасы, әлеу­мет­­тік-экономикалық тәртіп кафе­дра­сын­а қызметке тұрады. Атал­ған оқу орнының талабына орай, студенттерді менеджмент маман­дығы бойынша эдвайзерлікке дайын­дау секілді уақыт сұранысын мүлтік­сіз атқарады. «Өмірлік істі білсем, білген үстіне біле түссем және өркениетті елдердегідей тек өзім ғана білумен шектелмей, сол білгенімді шапағат нұрындай айналама шаша жүрсем», дегенді ұстанымына айналдырғаны ой өлшемінің биіктігін көрсетеді.

Ерекше айта кетер бір жайт, Нұрсейіт Ниязбеков «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойын­ша, Англияда оқып келген соң, жоғары білім беру ұйымының жол­дамасымен 2006 жылы мамыр айында Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтына әлеуметтану, халықаралық қаты­настар және ғылыми-зерттеу әдіскері мамандығы бойынша оқытушы болып қызметке орналасып, сол лауазымды бүгінгі күнге дейін жоғары деңгейде атқарып келеді.

Қазақ-британ техникалық университеті, Халықаралық экономика мектебінде де саясаттану және әлеуметтану мұғалімі қызметіне де жоғарыда аталған жоғары оқу орнының жолдамасымен орналасып, қосымша қызмет атқаруда. Әлбетте, бұл – Нұрсейіт Ниязбековке артылған сенім. Сол сенімге селкеу түсірмеуді ол өзінің азаматтық парызы санайды.

2008 жылдың қыркүйек айы мен 2009 жылдың ақпан айы аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде саясаттану және халықаралық қатынастар мұғалімі болып дәріс бергені бар. Сондай-ақ, Эрист Энд Янг Қазақстан ұйымында маркетинг бойынша менеджер ассистенті болып 2005-2006 жылдары жұмыс істеді. Кәсіби білім беру бойынша Хайфаб АБ (HIFAB AB), «Қазақстандағы орта және шағын бизнесті дамытуға байланысты тренинг пен кәсіби білім беру» жобасын жасады.

«Болашақ» бағдарламасының бір түлегі Нұрсейіт Ниязбековтің ізденімпаздығы тек қана оқумен шектелмей, шетелде алған білімін өз елімізде тәжірибеден өткізу арқылы биік белестерге бет алғандығын дәйектейді.

Нұрсейіт Ниязбеков қазақ, орыс, ағылшын тілдерін – оқу, сөйлеу, жазу арнайы лексика сынақтары бойынша тек «5» деген баға ие­гері. Түрік тілінен де хабары мол. Бұл екінің біріне бұйырмаған бақыт десек те артық емес. Нұрсейіт Мә­кетұлының Microsoft Office, Outlook Express, Mozilla Firefox, Adobe Photoshop, Corel DRAW атты компьютерлік бағдарламаларды да жетік меңгергенін баса айтқан ләзім. Рас, бұл бәлендей жаңалық емес, бірақ лейтенант шеніндегі офицер Нұрсейіт Ниязбековтің тағы бір қыры еді.

«Ниязбековке Оксфорд универ­ситетінде әлеуметтану саласының магистратура бағдарламасы бойынша оқып жүрген кезінде ғылыми жетекші болдым. Мен одан үлкен үміт күттім. Ол салмақты және белсенді студент болды. Әсіресе, Қазақстанның кеңестік дәуір кезеңіндегі сайлаушылар әрекеті туралы диссертация жазғаны мені таңғалдырды. Ол жан-жақты зерттеу жүргізе отырып, өзінің күн тәртібін қатаң сақтады. Меніңше, Нұрсейіт Оксфорд университетінде өткізген жылын жоғары деңгейде пайдалана білді. Ол өте ақылды, іскер және жұмысты шығармашылық пен салмақты меңгере біледі. Оның сыртында, Нұрсейіт Мәкетұлы адамдармен тез тіл табыса алады. Қандай қызметті болса да кәсіби тұрғыда мінсіз әрі өз Отанына адал атқаратынына мен сенімдімін», – дейді Оксфорд университеті әлеуметтану факультетінің деканы Колин Милс.

Қорыта айтқанда, «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасының бір түлегінің жеткен жетістігі осындай. Оларды Отанымыздың ақыл-ой байлығы деп бағалаған жөн.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 17:55