Оқиға • 12 Қазан, 2020

«Siemens AG» компаниясымен онлайн-диалог өтті

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі мен «Siemens AG» компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Д.Щеглованың басшылығымен Германияның өнеркәсіптік алыбы өкілдерімен ашық онлайн-диалог өтті.

«Siemens AG» компаниясымен онлайн-диалог өтті

Іс-шараға неміс тарапынан жоба­лық команданың басшысы Мэтью Ватсон және Үкіметтермен байланыс жөніндегі сыртқы қатынастар бөлімінің басшысы Кристиан Мэдсен, Қазақстан тарапынан министрлік өкілдері, «QazIndustry» ҚИЭО» АҚ төрағасының орынбасары Т.Мұқанов және «ИТП» ДКҚ бас директоры А.Сембин қатысты.

Диалог барысында қазақстандық тарап «Siemens AG» компаниясының назарына отандық өнеркәсіпті дамы­ту­дың негізгі үрдістері, министрліктің осы сала­дағы қысқамерзімді және стра­тегиялық жоспарлары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың проблемалары, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпаратты жеткізді. Сонымен қатар технологиялық жаңғыртудың және өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың, сондай-ақ Қазақстан аумағында тау-кен металлургия кешені бойын­ша құзыреттер орталықтарын құ­рудың маңыздылығы атап өтілді. Осыған байланысты тараптар қазақ­стандық кәсіпорындарда Индус­трия 4.0 элементтерін енгізу және IT технологияларды жетілдіру мәсе­ле­лерінде байланыстарды жан­дан­ды­руға және ынты­мақ­тастық­ты да­мытуға келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жақын болашақта ынты­мақ­тастық деңгейін арттыруға дайын екендіктерін білдірді. Атап айтқанда, ашық диалог форматында салалық проблемаларды талқылау үшін отан­дық өнеркәсіптік кәсіпорындар басшылығымен бірқатар кездесулер өткі­зу туралы уағдаластыққа қол жет­кізілді.