Жаңақорғандағы ауданаралық аурухананың өзіне өкпені жасанды желдететін 2 аппарат, 53 оттегі концентраторы, 10 пульсоксиметр құрылғысы және 1 «Жедел жәрдем» көлігі берілді. Енді емдеу мекемесі құны 14 млн теңге болатын «МАК» жылжымалы рентген аппаратымен толықтырылып отыр. Құнды қондырғыны «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС алып берген.
Емдеу мекемесінде осыған байланысты іс-шара өткізіліп, оған аудан әкімі Руслан Рүстемов, «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС бас директоры Мұрат Мұстафаев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Анар Шүкірова қатысты.
Мамандар бұл қондырғының науқастар дертін дөп басуға көмегі көп болатынын айтып отыр. Салтанатты шарада жеке кәсіпкер Нұрлыбек Закиров өз қаражаты есебінен ауруханаға оттегі концентратын сыйға тартты.
ҚЫЗЫЛОРДА