Қазақстан • 12 Қазан, 2020

Қазақстанда жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі

567 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

12 қазаннан бастап ӨКМ Операторы Индустрия және инфрақұрылымдық дамуЭкология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімімен ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау  бағдарламасына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz ӨКМ операторы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі

Бұдан былай тозығы жеткен жүк және жолаушылар көлігінтапсыратындарға да ақшалай өтемақы беріледі.

Берілетін ақша тапсырылатын көліктердің санатына байланысты айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша бағаланады. Айталық М2, N1 (салмағы 1,3 тоннадан кем көлік құралын қоспағанда)және N2  санатындағы көлік құралдарына144 АЕК (400 032 теңге) беріледі. Осы санаттағы толық емес жиынтықтағыкөліктерге 126 АЕК (350 028 теңге) төленеді.  Ауыр салмақтағы жүк көліктері (М3, N3 санаты) 600 мың теңгеден (216 АЕК) 550 мың теңгеге (198 АЕК) дейін бағаланады.

Көлік тапсырғандарға 2 күн ішінде банктағы шотына ақша аударылады. Айта кету керек көлікті жеңілдік сертификатына алмастыру бағдарламасы уақытша тоқтатылады.

Естеріңізге салайық, істен шыққан көлік құралдырын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламысы іске қосылғаннан бері Қазақстан бойынша 150 мыңға жуық көлік жоюға тапсырылды. Оның ішінде 2596 дана орташа тонналық техника, 600-ге жуық ауыр салмақтағы көлік құралдары бар.Қабылданған барлық машинаҚарағандыдағы ескі көліктерді қайта өңдейтін зауытқа жіберіледі.

Көлік санаты

Мысал үшін

Берілетін сома көлемі

Жолаушылар көлігі

М1 Жеңіл көліктер.

(Сегіз орыннан аспайтын көлік құралдары)

 

200 016 теңге

(72 АЕК толық жиынтық

150 012 теңге

(54 АЕК толық емес жиынтық)

М2

(Жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынын қоспағанда ең жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын сегізден астам отыратын орны бар көлік құралдары)

400 032 теңге

(144 АЕК толық жиынтық)

350 028 теңге

(126 АЕК толық емес жиынтық)

МЗ

(Жолаушыларды тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізуші орнынан басқа, ең жоғары салмағы 5 тоннадан асатын сегізден астам отыратын орны бар көлік құралдары)

600 048 теңге

(216 АЕК толық жиынтық)

550 044 теңге

(198 АЕК толық емес жиынтық)

Жүк көліктері

N1

(Салмағы 1.3 тоннадан аспайтын көлік құралдары)

 

200 016 теңге

(72 АЕК толық жиынтық

150 012 теңге

(54 АЕК толық емес жиынтық)

 

N1

(Ең жоғары массасы 3.5 тоннадан аспайтын жүк тасымалдауға арналған көлік құралдары)



400 032 теңге

(144 АЕК толық жиынтық)

350 028 теңге

(126 АЕК толық емес жиынтық)

 

 

N2

(Салмағы 3.5 тоннадан асатын, бірақ 12 тоннаға жетпейтін  жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары)

400 032 теңге

(144 АЕК толық жиынтық)

350 028 теңге

(126 АЕК толық емес жиынтық)  

N3

(Ең жоғары массасы 12 тоннадан асатын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары)

600 048 теңге

(216 АЕК толық жиынтық)

550 044 теңге

(198 АЕК толық емес жиынтық)

 

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32