Аймақтар • 12 Қазан, 2020

М.Әйтенов жылыжайға қажетті құрал-жабдық өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

М.Әйтенов жылыжайға қажетті құрал-жабдық өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты

Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан "ZERO MAX KZ" зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді.

Жоба құны - 2,6 млрд теңгені құрайды. Өндіріс орны жылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. Бүгінгі таңда зауыттан 100 гектардан астам өнеркәсіптік жылыжайлар кешендерін іске асыруға жабдықтар сатылған.

Сонымен бірге, қала әкімі Оңтүстік Кореялық технологиямен полиэтилен пленкасын (үлбір) және пластик бұйымдарын өндірумен айналысатын  "АК Ордасы Пластик" ЖШС зауытының жұмысымен танысты. Айта өту керек, бұл - жылыжай шаруашылықтары үшін ені 12 метрлік үш қабатты пленка (үлбір) шығаратын Қазақстандағы жалғыз зауыт болып табылады. 

Бұл жобаның құны 2,4 млрд теңгені құрайды. Зауыт тәулігіне үш қабатты жылыжайға арналған 25 тонна пленка және 5 тонна бақша пленкаларын (қалыңдығы 10 микроннан 300 микронға дейін)  өндіреді. Зауыт әртүрлі салаларға арналған пленкалардың (үлбірлердің) түрлерін шығарады. Атап айтқанда, жылыжай пленкасы, құрылыс полиэтилен пленкасы, гидроизоляцияға арналған пленка, шөгілетін пленка және стрейтч пленкалары.