Құқық • 13 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1143

375 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы

«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6), 38-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары бекітілсін.
2. «Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 261 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013ж., № 22, 353-құжат.) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаларға сәйкес есептеледі:
В=Втэ + Вээ, [тонна],
мұндағы:
В – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы;
Вжэ – жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы;
Вээ – электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы.
Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысының мөлшерін айқындау.
Вжэ = Вжэ шарт / Э, [тонна];
мұндағы:
Вжэ шарт – жылу энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы [шартты отынның тоннасы];
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялы коэффициенті:
Э = Qpт / 7000,
мұндағы:
Qpт - отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
Вжэ шарт  = Qтәу * bт * 10-3, [шартты отынның тоннасы],
мұндағы:
Qтәу - тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
bо ­– шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [килограмм/гигакалория].
Qтәу = Q * t,
мұндағы:
Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
Q – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты [гигаколория / сағат];
t – тәуліктегі сағат саны [сағат];
Q=Qбелг *Ко, [гигаколория/сағат], мұндағы:
 Qбелг  – станцияның белгіленген жылу қуаты, [гигакалория /сағат];
Ко – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті;
Ко= Qөнд  /Qбелг.*n) мұндағы:
Qөнд  – жыл бойы өңдірілген жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
n – өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.
Тәулігіне электр энергиясьш өндіруге жұмсалатын шартты отын мөлшерін айқындау:
Вээ = Вээшарт /Э, [тонна],
мұндағы:
Вээ шарт – электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, [шартты отынның тоннасы];
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті:
Э = Qpт / 7000, [килокалория/килограмм].
мұндағы:
Qpт - отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
7000 –  шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
Вээ шарт = Этәу * bэ * 10-3 [шартты отынның тоннасы],
мұндағы:
Этәу – тәулігіне алынған электр энергиясының мөлшері [мың киловатт*сағат];
bэ - шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [грамм/киловатт*сағат];
Этәу = N * t,  мұндағы:
N – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты [мегаватт];
tтәу – тәуліктегі сағат саны, сағат;
N=Nбелг.*Кэ, [мегаватт], м9ндағы:
Nбелг. – станцияның белгіленген электр куаты, [мегаватт];
Кэ – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті;
Кэ = Эөнд  / (Nбелг.* n), мұндағы:
Эөнд – өткен жылы өндірілген электр энергиясының мөлшері [мың киловатт*сағат];
n – өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.».
3. «Отын пайдалану қорының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 577-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы  №1143 қаулысымен бекітілген

Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын
отын қорының нормасы
1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
100 километрге дейінгі жеткізу қашықтығында 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;
100 километрден асатын жеткізу қашықтығында 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.
2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда мазут:
авариялық отын, 5 тәулікке арналған отынға мөлшері;
резервтік отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
3. Мазут жағатьш отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4x200 мегаватт, 3x300 мегаватт және одан жоғары электр станциясында - блоктарда;
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар жылу электр орталығының екі ең үлкен қазанынан жоғары болмауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар