«Open Space» қатысушылары Қазақстанның биржалық жүйесінің жұмыс істеу мәселелерімен бөлісті. Мәселен, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғариннің пікірінше, бүгінде биржа объективті баға қалыптастыру алаңы болып саналмайды. Әдетте, баға тауар биржасынан тыс ресімделеді және ресми тіркеу үшін шығарылады. Тауар биржаларының ашық емес сызбасының нәтижесінде қарапайым кәсіпкерлер нарыққа кіре алмайды, сол арқылы тауар нарықтарында бәсекелестік болмайды.
Өз кезегінде, Қазақстанның тауар-шикізат биржалары және ЭКБ қауымдастығының төрағасы Рамиз Аллахвердиев көптеген биржаларда сауда-саттық туралы ақпарат жоқ екенін, биржада брокерлерді аккредитациялауда мәселелер барлығын, клирингтік орталыққа қойылатын талаптар сақталмайтынын жеткізді. Яғни аппараттық-бағдарламалық кешен талаптарына сәйкес келмейді. Мұның бәрі биржалық сауданың дамуын тежейді және қазақстандық биржалық нарықтың беделін түсіреді.