13 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №604

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2013 жылғы 6 тамыз,    Астана қаласы

«Теміржол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 366-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Теміржол көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабы 2-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. «Теміржол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 366-І бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 28 қазанда № 3175 тіркелді, «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені», 2005 ж., № 1, 4-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол станцияларының жұмыс режиміне қойылатын талаптарда:
4 және 5-тармақтар келесі мазмұнда жазылсын:
«4. Станция Ұлттық инфрақұрылым операторы бекіткен пайдалану жұмыстарының айлық техникалық нормалары негізінде станция бастығы бекітетін пайдалану жұмыстарының айлық техникалық нормаларына сәйкес өндірістік қызметті жүзеге асырады.»;
5. Станция бекітілген технологиялық процестің, қозғалыс кестесінің, поездарды құрастыру жоспары мен вагондардан жүк түсіру (босату) және бос тұруы жөніндегі айлық техникалық нормативтерінің негізінде, техникалық құралдарды тиімді пайдалануды, жылжымалы құрамның бос тұруын қысқартуды, жолаушыларға, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға уақтылы және сапалы қызмет көрсетуді, жүк және жолаушы поездарының қозғалысы кестесінің орындалуын, поездар қозғалысы қауіпсіздігін, жылжымалы құрам мен тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ете отырып жұмыстарды ұйымдастырады.
Станция жұмысының технологиялық процесін МТЖ операторы әзірлейді және бекітеді.
Өнеркәсіптік станциялар мен МТЖ-ға іргелес кірме жолдар ұйымдары үшін жұмыстың бірыңғай технологиялық процесін тармақ иесі әзірлейді және оны МТЖ операторы бекітеді.».
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.Қ. Мағзұмов) осы бұйрықтың:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің интернет -ресурсында ресми жариялануын және оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің  міндетін атқарушы                         Р.СКЛЯР.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 8677 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар