Руханият • 13 Қазан, 2020

Музейге сый жасады

353 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үш мыңнан аса жәдігері бар Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейіне келушілердің саны жылдан-жылға арта түсуде. Жақында мұражай жәдігерлері тағы да толыға түсті. Музейімізге көпбалалы ана, ардақты әже Зәтекүл Молдабаева арнайы келіп, өзі қолданған бірнеше бұйымды табыстады.

Музейге сый жасады

– Естінің сөзі, ескінің көзі қым­бат демекші, мына самау­рын кезінде анамнан сый ретінде беріл­ген. Ол кезде не­бәрі 17-де едім. Содан бері міне, жасым 80-нен асып кетті, қаншама қо­нақ, отбасым осы ыдыстан шай ішіп, сусынданды. Ал мы­нау, өз қолыммен тоқыған қор­жын. Жастар жағы біле бермес, бұл қолөнер бұйымы тек төрде сән­дік үшін ілініп тұрмайды, ерте­де ата-бабаларымыз ас-ауқат, киім-кешек салып жүруге қол­данған. Қолымдағы қасқыр ішік­ке де көп жыл болған. Жол­дасым Дәулетбай мал бағу ісі­мен айналысқандықтан, қыста суық­қа төзімді осындай тондар ар­найы тапсырыспен тігілетін. Қазір техниканың дамыған заманы ғой. Кезінде бұл бұйымдар үлкен еңбекпен жасалатын. Осыны жас ұрпақ ұғынсын деп өздеріңе әкеліп отырмын. Көздің қарашығындай сақтарсыңдар қарақтарым, – дейді қарт әжей.

Атадан аманат – ұрпаққа ұла­ғат. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «Болашаққа бағ­дар: руха­ни жаң­ғыру» мақаласында «Мен хал­қым­ның тағылымы мол тари­хы мен ерте заманнан ар­қауы үзіл­меген ұлттық салт-дәстүр­лерін ал­дағы өр­кендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық ба­суын, болашаққа сеніммен бет ал­уын қалаймын» деп айтқа­нын­дай, кейінгі жас ұр­пақ ал­дыңғы толқын аға буынның өне­гесінен ғибрат алып, кемел келешекке бас­тары анық.

 

Айдана ШОТБАСОВА,

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы