еGovМobile мобильдік қосымшасында өз жер учаскелеріңіз туралы мәліметтерді алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөлімін ашу және «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдау қажет. Содан соң ЖСН бойынша Жердің бар-жоғына сұрау салуға жіберу, тізімнен 1-10 жер учаскесін таңдау және электронды цифрлы қолтаңба немесе бір реттік парольмен қол қою арқылы мәліметтер алуға өтінім жіберу керек.
«Қалтадағы ХҚО» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, біз eGovМobile қосымшасындағы қызметтер мен сервистердің санын барынша көбейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтарға мобильді болуға және мемлекеттік көрсететін қызметтерді алу процесін барынша жеңілдетуге мүмкіндік береді. Егер бұрын бұл ақпаратты алу үшін бірнеше күн қажет болса, қазір оны 15 минутта алуға болады», деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.
Анықтамамен «Тапсырыстар тарихы» бөлімінде танысуға, сақтауға және талап ету орны бойынша ұсынуға болады.
eGovMobile мобильді қосымшасы GooglePlay және AppStore-да жүктеуге болады. Естеріңізге сала кетейік, бұл қосымшада 73 қызмет пен сервис қолжетімді.