13 Қараша, 2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы №605

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 6 тамыз,  Астана қаласы

«Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік  және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 490 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тарма­ғының 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 3 тамыздағы № 490 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7886 тіркелген, «Егеменді Қазақстан» 2012 ж. 26 қыркүйек, №622-630 (27701) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті (Р.Қ. Мағзұмов) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін  атқарушы      Р.СКЛЯР.

Соңғы жаңалықтар