Коронавирус • 13 Қазан, 2020

Нидерландта екінші рет коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нидерландта коронавирустың жаңа түрін қайта жұқтырған 89 жастағы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Риа Новостиге сілтеме жасап.

Нидерландта екінші рет коронавирус жұқтырған науқас қайтыс болды

Нидерланд ғалымдарының айтуынша, қан жасушаларының ауруы мен иммун тапшылығынан зардап шеккен әйел алғашқы инфекциядан шамамен екі айдан кейін екінші рет COVID-19 жұқтырған. Жағдайы нашарлаған науқас ауруханаға түскеннен кейін екі аптадан соң коронавирус салдарынан қайтыс болған.

BNO басылымы бұл әлемдегі коронавирусты қайта жұқтырғаннан кейінгі алғашқы өлім екенін айтады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, бүкіл әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 37,4 миллионнан асты, миллионнан аса науқас қайтыс болды.