Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы орын алды

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12 қазанда Ақтөбе қаласы Ағайынды Жұбановтар мен Сәтпаев көшелерінің қиылысындағы реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінде жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы орын алды

"ВАЗ – 21703" автокөлігінің жүргізушісі Ағ.Жұбановтар көшесінде келе жатып, Сәтпаев көшесінің қиылысында ҚР жол қозғалысы ережелерінің 3.5-тармағын бұзып, рұқсат беретін бағдаршаммен солға бұрылған кезде, Ағ.Жұбановтар көшесінен Макаренко көшесіне қарай, қарсы бағытта қозғалып келе жатқан Volkswagen Golf автокөлігіне жол бермеген.

Көлік құралдарының соқтығысуынан "Volkswagen Golf" автокөлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, жаяу жүргіншілер өткелінің алдында, жолда болған жаяу жүргіншілерге соқтығысуға жол беріп, кейін қозғалысты жалғастыра отырып, электр желісінің тірегіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде түрлі дене жарақаттары бар үш жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.