Спорт • 13 Қазан, 2020

Новак Джокович жеткізетін емес

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Париждегі Ролан Гаррос турнирі аяқталған соң әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Ерлер арасында әзірге Новак Джокович шашасына шаң жұқтыратын емес, деп хабарлайды Egemen.kz

Новак Джокович жеткізетін емес

Францияның астанасында өткен «Үлкен дуылғы» санатындағы турнирінің финалында Сербияның сайыпқыраны ойсырай ұтылғаны белгілі. Соған қарамастан Джокович әлі де АТР рейтингінде көш бастап тұр. Оның еншісінде 11740 ұпай бар. Ал оны ұтқан Рафаэль Надаль екінші орынды иеленуде. Испанияның саңлағы 9850 ұпай олжалауда. Сондай-ақ, аустриялық Доминик Тим (9125 ұпай), швейцариялық Рождер Федерер (6630), грекиялық Стефанос Циципас (5925), ресейлік Данил Медведев (5890), германиялық Александр Зверев (4650), аргентиналық Диего Шварцман (3180), италиялық Маттео Берреттини (3075) және Ресейдің тағы бір өкілі Андрей Рублев (2974) сынды шеберлер «ТОП-10» ойыншының қатарына еніп отыр.

Қазақстандық теннисшілер арасында АТР рейтингіндгі ең үздік көрсеткіш Александр Бубликке (1045) тиесілі. Ол 52 орынды еншілеуде. Еліміздің екінші ракеткасы Михаил Кукушкин (751) 88 сатыға табан тіреді.