Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қазанда 58 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды. Олардың 34-і кезекші топқа барған, ал 24-і қашықтан оқыған екен.
Оқушылар арасында жұқтырғандардың көбі Риддер және Алтай қаласынан болып шықты. Сондай-ақ Глубокое ауданында 10 оқушы ауруға шалдыққан.
"Егер аудандарды алып қарасақ, онда балалардың көбі Глубокое ауданында – 10 оқушы, Көкпектіде – 10 бала, сондай-ақ Шемонаихада – 2 оқушы, Күршім және Қатон Қарағайда – бір баладан жұқтырған. Ауырып қалғандардың көбі қашықтан оқыған", дейді ведомство өкілдері.