Елорда • 13 Қазан, 2020

Елордада 98 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық тұрғын осы жылы 98 рет жол ережесін бұзған, деп хабарлайды Egemen.kz Жеке сот орындаушылар палатасына сілтеме жасап.

Елордада 98 рет жол ережесін бұзған жүргізуші анықталды

Ұйымның мәліметінше, қалада "Борышкер" рейді жүргізіліп жатыр екен. Шараның мақсаты - мемлекетке қарызы бар азаматтарды анықтау.

"Рейд нәтижесін беріп жатыр. Тексеріс барысында осы жылы бір тұрғынға 98 айыппұл салынғаны анықталды. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оған 1,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Осыған байланысты 2009 жылы шығарылған BMW 750 Li көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Кейін борышкер айыппұлды төледі", - дейді жеке сот орындаушылар палатасы төрағасының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Оның айтуынша, тұрғында 98 айыппұлдан басқа, екінші деңгейлі банктердің бірінде қарызы болған.