13 Қараша, 2013

Солтүстік Кореяда жария түрде 80 адам атылды

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13-11-13-Korea

Солтүстік Кореяда жат қылықтар жасады және оңтүстіккореялық телебағдарламаларды көрді деп айыпталған 80 адам өлім жазасына кесілді. Бұл туралы LIGA. net сайты хабарлады.

Өлім жазасына бұйырылғандарды он-оннан бөліп, Солтүстік Кореяның 7 қаласында атты.  Жат қылықтарға бой алдырды және оңтүстіккореялық телебағдарламаларды көрді деп жазғырылғандардың арасында порнографиялық көріністерді жариялап ұсталғандар да бар.

Өлім жазасына кесілгендердің бір тобын ашық стадионда атқан. Әлгі стадионға 10 мыңдай адам жиналған. Олардың арасында балалар да болған. Ату жазасын орындау сәтін балаларға да көрсету арнайы ұйымдастырылған.

Солтүстік Кореяда билікке қарсы сөйлегендер, мемлекетті сатқандар және лаңкестік әрекетке барғандар заң бойынша өлім жазасына кесілетіні белгілі. Алайда, кейінгі уақыттарда Солтүстік Кореяда ұсақ-түйекке бола адамды өлім жазасына бұйыратын жағдайлар орын ала бастаған. Мәселен, ұялы телефон пайдаланғандарға немесе азық-түлік ұрлағандарға өлім жазасы тағайындалатын көрінеді.

Жолдыбай Базар.

Соңғы жаңалықтар