Қоғам • 13 Қазан, 2020

Тергеу изоляторында отырған азаматтарға екпе салынды

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан сотталғандар мен тергеуге қамалған азаматтарға тұмауға қарсы екпе салынды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу изоляторында отырған азаматтарға екпе салынды

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің УГ-157/1 мекемеcінде  отырған күдіктілер мен жазасын өтеуге қалдырылған тұлғаларды тұмаудың алдын алу мақсатында жаппай вакцинациялау жүргізілуде. Вакцинаның тек келісім берген күдікті мен жазасын өтеушіге ғана салынатынын айта өту керек.   

"Басты мақсатымыз – тұмаудың алдын алу болып табылады. Өйткені күз мезгілі жұқпалы аурулар өршіп, вирустың белең алатын кезеңі", - дейді мекеме дәрігері Рамила Куншигарова. Бүгінгі таңда 100-ден астам күдікті азаматқа екпе салынды.