Технология • 14 Қазан, 2020

Тауар тасымалдаушы ілеспе құжаттарды үйден-ақ ресімдей алады

230 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) ре­сімдеу жөніндегі қанатқақты жоба 2020 жылғы 1 қарашадан бастап іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мем­лекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Тауар тасымалдаушы ілеспе құжаттарды үйден-ақ ресімдей алады

Осылайша, жаңа жұмыс жүйесі бойынша ТІЖ ресімдеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын ЕАЭО елдерімен өткенге дейін қажет. Сондай-ақ қанатқақты жоба шеңберінде ЕАЭО елдері­мен өз­ара саудада экспорттық  және импорттық опера­ция­­лар­ды жүзеге асыру кезінде ТІЖ ресімдеу көзделген.

Комитеттің баспасөз қызметі атап өткендей, ресім­­­делген ТІЖ-дің болуы автомобиль өткізу пунк­т­терінде тауарға ілеспе құжаттарды сканерлеу қажет­тілігін болдырмайды, бұл ЕАЭО елдерімен мемлекеттік шекарадан өту процесін жеделдетеді.

Жалпы, қанатқақты жоба 2021 жылғы 1 наурыздан бастап ТІЖ міндетті енгізуге «жұмсақ» көшу үшін жүзеге асырылады. Пилотты жүргізу кезінде әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды. Жоба салық төлеушілерге ТІЖ-мен жұмыс істеуге бейімделуге, олардың есеп жүйелерін және сатып алушылармен және жеткізушілермен өзара әрекеттесуді орнатуға арналған.

ТІЖ ресімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орта­лық­тарынан алуға болатын ЭЦҚ көмегімен элек­трондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пай­далану туралы келісімге қол қою арқылы ЭШФ АЖ-да тіркелу қажет. ЭШФ АЖ-да тіркелу және жұ­мыс істеу тегін жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Мемлекеттік кірістер комитеті ЕАЭО елдерімен өз­ара саудада сыртқы экономикалық қызметтің бар­лық қаты­сушыларын кейіннен ТІЖ міндетті ресім­деуге біртіндеп көшу үшін қанатқақты жобаға қатысу бойынша дайындық іс-шараларын өткізуге шақырады.

Сондай-ақ қанатқақты жоба акцизделетін тауарларды өткізу және Дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесіндегі тауарларды (Тауарлардың осы тізбесімен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімінде танысуға болады) және электрондық шот-фактуралар виртуалды қойма модулі арқылы жазып берілетін тауарларды (тауарлардың осы тізбесімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығымен танысуға болады) өткізу кезінде ТІЖ ресімдеуді көздейді дейді комитет мамандары.

ТІЖ – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Электрондық шот-фактуралар» ақпа­раттық жүйесінде («ЭШФ» АЖ) электрондық нысанда ресімделетін тауарға ілеспе құжат.  ТІЖ ресімдеу және ресімдеу тәртібін сақтау жөніндегі нормалар Салық кодек­сінің 176-бабында айқындалған.