Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Сотталушыларды жеке жұмысына жеккен түрме бастығына сот үкімі шықты

910 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды ​​қаласының Қазыбек би аудандық соты сотталғандарды күзет мекемесінен құрылыс жұмыстарына шығарғаны үшін сотталған АК-159/1 тергеу изоляторының бұрынғы басшысына үкім жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Сотталушыларды жеке жұмысына жеккен түрме бастығына сот үкімі шықты

Қылмыстық іс судья Саян Аққожиннің төрағалығымен қаралды. 49 жастағы сотталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің "өзіне немесе өзгелерге пайда мен артықшылықтар алу үшін шектен тыс билік немесе қызметтік өкілеттіктер" бойынша айып тағылды.

Қылмыстық істің материалдары бойынша, осы жылдың мамыр айында сотталушыға оның танысы жаңа пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылысшылар бригадасын табуды сұраған.

Сол уақытта АК-159/1 басшысы қызметін атқарған сотталушы өзінің іс-әрекетінің заңсыздығын біле тұра, жөндеу жұмыстарына құрылыс жұмыстарында тәжірибесі бар үш сотталғанның көмегімен жүргізуге шешім қабылдаған. Ол үшін мекеме жүргізушісіне және теологқа сотталушыларды мекемеге дейін жеткізіп, қайта тергеу изоляторына апаруға бұйрық беріпті.

Сотталушылар пәтерде 5-9 мамырда жұмыс істеген. 9 мамырда таңертең оларды сол жерден Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері тауып алыпты. Бұл факт бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, оның барысында сотталушы мен бірқатар қызметкерлер жұмыстан шығарылды.