1 қазанда Қарағанды қаласының Михайловский полиция бөліміне 35 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол белгісіз біреу оның 63 мың теңгесін ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушінің өзі терапевт дәрігер.
Ол жұмыс күні ішінде кабинетіне бетіне медициналық маска киген адам науқас ретінде кіргенін айтады. "Науқас" дәрігердің қабылдауынан шыққаннан кейін сөмкедегі құжаттары мен ақшасы жоғалып кетіпті.
Оқиға орын алғаннан кейін араға біраз уақыт салып, 12 қазанда полиция қызметкерлері 44 жастағы Алматы қаласының тұрғынын ұстады, ол өз кінәсін мойындады.