14 Қараша, 2013

Сапа – даму шарты

350 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Өнімдердің сапасын жақсарту және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында 1989 жылдан бері халықаралық Сапа күні аталып өтіп келеді. Мұндай шешімді Еуропалық сапа одағының ұсынысы негізінде БҰҰ қабылдаған болатын.

Біздің мемлекетімізде Елба­сымыздың сегіз жыл бұрын бекіт­кен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы дәстүрлі түрде аталып өтіп келеді. Сапа мәселесіне Ел­басының өзі ерекше мән беруде.

* 14 қараша – халықаралық Сапа күні

Өнімдердің сапасын жақсарту және тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету мақсатында 1989 жылдан бері халықаралық Сапа күні аталып өтіп келеді. Мұндай шешімді Еуропалық сапа одағының ұсынысы негізінде БҰҰ қабылдаған болатын.

Біздің мемлекетімізде Елба­сымыздың сегіз жыл бұрын бекіт­кен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы дәстүрлі түрде аталып өтіп келеді. Сапа мәселесіне Ел­басының өзі ерекше мән беруде.

Үдемелі ин­дус­­­­­­триялық-инновациялық даму мем­­­лекеттік бағ­­­дар­­ламасының қа­­былданып, жүзеге асырылуы, Қа­­зақстанның Кедендік одаққа мүше болуы, Ресей және Беларусь елдерімен Біріккен экономикалық кеңістікте жұмыс істеуі ел бизнесінің алдында жаңа бағыттар мен мүмкіндіктердің ашылуына қолайлы жағдай туғызуда. Біз бұл кеңістікті сапалы да арзан өнімдер шығаруға қол жеткізген кезде ғана кеңінен игере аламыз. Осындай мақсаттарға жету үшін қазіргі таңда біздің отандық өндірушілер халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеуге кірісіп те кетті. Елбасы өзі­нің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларында ха­лықаралық стандарттарға көшу мәселесін жүйелі түрде ескертіп отырады.

Халықаралық стандарттарға негізделу экономикалық сала­лар­дың дамуымен қатар де­н­саулық сақтау, қауіпсіздік ісіне, жалпы, халық тұрмысының жақсаруына игі ықпалын тигі­зеді. Елімізге халықаралық нарықта өзінің орнын табуына көмектеседі. Экспорттық тауарлардың көбеюін тудырады. Сондықтан елде өндірілетін өнімдер сапасының жоғары, халықаралық стандарттарға сәйкес болуы мемлекет тарапынан нақты бақылауға алынған. Елімізде өндірілетін өнімнің сапалылығы мен стандарттарға сәйкестігін қадағалайтын арнайы зертханалар мен бақылау ұйымдары жұмыс жасайды.

Бұл бағытта қол жеткен жетіс­тіктеріміз де жоқ емес. Бүгінде халықаралық стандарттар көптеген өндіріс салаларында қолданысқа ие.

Ал енді Астана қаласы бойынша өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі бойынша қандай жұмыстар жасалуда деген сұраққа келейік.

Шындығында, бәрі ойдағыдай деп айтуға әлі де болмайды. Себебі, нарықта қазірге дейін сапа талаптарына мән бермейтін кәсіпкерлер жетіп артылады. Осы жылдың 9 айы ішінде жоспарлы және жос­пардан тыс тексеріс барысында 90 субъекті тексеріліп, соның ішінде 70 кәсіпкерлік субъектісінің техникалық талаптарға сәйкес келмеуі сол жағдайдың дәлелі болды дей аламыз. Егер мұны үлестік көрсеткішпен есептейтін болсақ 79 пайызды құрайды екен.

Техникалық талаптарға сәй­­кес келмейтін өнімдерді нарық­­тан шеттетуді реттеу Қазақ­стан Республикасының бас мем­лекеттік инспекторларының құзы­ретінде болған еді. Алайда, бас мемле­кеттік инспекторлардың шешім қабылдау тиімділігі айқын бай­қалмады. Осыған байланысты бас инспекторлардың жұмысын жақсарту қолға алынып, осы бойынша қосымша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау алға қойылған. Бұл актілер бас мемлекеттік инспектордың жұмы­сына оң әсер тигізетініне сенімдімін.

Кәсіпкерлер тарапынан тауарлар мен қызметтердің техни­калық талаптарға сай келмеу жолдарын шектеу үшін, 2012 жылы «Тауарларды өткі­зу және жабдықтау бойынша профилактикалық бақылау әдіс­темесі (Астана қаласы депар­таменті мысалында)» атты әдістеме құралын жарыққа шығардық. Бұл құрал бойынша ҚР Техникалық басқару және метрология заңнама­сына сәйкес сатушыларға сапалы өнім өндіру, өткізу бойынша кеңес беру көзделген. Өйткені, мемлекеттік инспекторлар мен сатушылардың жүйелі байланыс­та болуы арқылы көптеген заң бұзушылықтарды жоюға болады. «Жеткізуші-сатушы-тұтынушы» байланысының жақсы жұмыс істеуі үшін кәсіпкер өнімінің техникалық талаптар мен стан­дарттарға сәйкес болуын қада­ғалауға тиіс.

Профилактикалық бақылауды жүргізер алдында мемлекеттік инспектор СҮ немесе ОСО жетек­шілерімен кездесіп, жазбаша түрде жалға берілген сауда нүктесін тексеру туралы жұмыстың бола­тындығын жеткізу керек.

Жұмыстың басты сипаты – Қазақстан Республикасының тех­ни­калық бақылау және метрология талаптарының сақталынуы бойынша саудагерлермен әңгімелесу (пікір алмасу). Басты қағидасы – мемлекеттік инспекторлар мен тауар өткізуші (сатушы) арасында сенімділік пен түсінушілік орнату. Осыған орай мемлекеттік инс­пектор өз тарапынан Ар-намыс кодексінің сақталуын қамтамасыз етуі керек. Дөрекі сөйлеу, айыптау және қорлау сынды жат қылықтарды көрсетпеуге тиіс.

Мемлекеттік инспектор қара­уындағы профилактикалық тек­серіс кезеңі аптасына 1 рет 2 сағаттан аспайтын мөлшерде болуы керек. Сонымен қатар, тек­серілетін нысандар саны 5 дүң­гіршектен аспауға тиіс. Мем­лекеттік инс­пектордың бір дүңгіршектегі түсіндіру жұмыстары 20-25 минуттан аспауы керек.

Дүңгіршектегі тексерілетін тауар алдын ала таңдалған 3-тен 12-ге дейінгі бірлікті құрауға қажет..

Марат РЫСБЕКОВ,

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитетінің

Астана қаласы бойынша департамент басшысы.

Соңғы жаңалықтар