Аймақтар • 14 Қазан, 2020

Атыраудағы МКД экс-басшысы 10 жылға сотталды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бұрынғы басшысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ақша бопсалады деп айыпталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атыраудағы МКД экс-басшысы 10 жылға сотталды

Атырау қаласы № 2 сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 13 қазанда шығарылған.

"Сот сотталушының лауазымды тұлға бола отырып, тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдамағаны үшін қоластындағылардан бопсалау арқылы 3 000 доллар пара алғанын анықтады. Қабылданған антты бұзу ауырлататын жағдай деп танылды.

Жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстың ауырлығы мен сипатын, сондай-ақ сотталушының жасаған ісіне өкінбегенін ескере отырып, сот бас бостандығынан айыруды тағайындауды әділ шешім деп тапты", - делінген хабарламада.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.