Қазақстан • 14 Қазан, 2020

Ұжымдық иммунитет жаппай вакцинациялау есебінен ғана қалыптасады

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ол қазіргі кезде халықты толғандырып отырған өзекті сұрақтардың біріне жауап берді.

Ұжымдық иммунитет жаппай вакцинациялау есебінен ғана қалыптасады

"ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесус айтқан ұйымның ұстанымын атап өткім келеді, оған сәйкес індеттің таралуы вирустың адамдар арасындағы еркін айналымына емес, жаппай вакцинациялауға негізделген иммунитеті бар халықтың үлесі басым болған кезде тоқтайды. Осылайша, вакцинамен басқарылатын иммунитет инфекцияның таралуын болдырмауға негіз болады. Осыған байланысты, вакцина әзірленбейінше, бәріміз үнемі қол жуып, бетперде тағып, карантиндік шараларды және әлеуметтік қашықтықты сақтауымыз қажет", - деп ескертті министр.

Сонымен қатар, елімізде тұмауға қарсы профилактикалық вакцинациялау 15 қыркүйекте басталды. Екпе жасау науқаны "маусымдық инфекциялар мен коронавирустық инфекцияның жаңа толқынын" азайту үшін ерте басталды. Ол үшін тұмауға қарсы вакциналардың 2,2 млн дозасы сатып алынды, бұл республиканың жалпы халқының 11%-ын қамтуға мүмкіндік береді. ДДСҰ ұсынған қамтудың ең төменгі шегі - 10%. Азаматтардың әлеуметтік осал топтарына жататын 1,8 млн адам егілді. Осы аптаның соңына дейін вакцинациялау толығымен аяқталады.