Коронавирус • 14 Қазан, 2020

Министр кинотеатрлардың қашан ашылатынын айтты

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі кинотеатрлардың қашан қайта жұмыс істейтіні туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Министр кинотеатрлардың қашан ашылатынын айтты

"Қазір біз кинотеатрлардың жұмыс істеуі үшін күш салып жатырмыз. Жағдайдың артық-кем тұсын бағалап, зерттеп жатырмыз. Театрларға балама бола алатындай демалу туралы нақты ұсыныстар бар. Қазір осы мәселе қарастырылуда", деді Цой ОКҚ-нің онлайн брифингінде.

Бұған дейін Алексей Цой Қазақстанда төтенше жағдай режимін қайта енгізу туралы сұраққа жауап берген болатын. Оның айтуынша, барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер қажет болса, төтенше жағдай режімі қайта енгізіледі.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі Украина, БАӘ, Германия және Беларуссиямен рейстер санын қысқартуды да ұсынды.